0 дауыс
439 көрілді
Есте сақтау қабілетім соңғы кездері нашарлап кеткенін байқаймын.Бірнәрсе оқысам шамалы уақыттан кейін есімнен шығып кетеді.Ұмытшақ болып барамын.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ойлау жүйесіне арналған жаттығулар


 Балалық ермектер. Біздің есте сақтау қабілетімізді бала кезден бастап жаттықтыруға дағдыландырған. Сәби уақыт өте ақырын кеңістік пен уақыт мезгілдерін ажырата алатын болады. Таң, түс, кеш мезгілдерін білгеннен кейін, ертең мен кешені, бүрісікүнді ажырата бастайды. Аз-аздан ата-аналар балаларын есте сақтау қабілетінің жақсаруына одан әрі әрекеттер жасай түсіп, «Әже соңғы рет үйге қашан келген еді?» немесе «Циркте қандай аңдарды көрген едік?» деген сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға ойша жауап іздеген бала миына бұл жатты,у болып тиеді. Ал есейген шақта адамға дәл осындай ой жаттығулары аса қажет. Күнделікті жатар алдында, өткен күніңізге талдау жасап көріңіз: кіммен кездестіңіз, қандай сөздер айтылды, қандай әуендерге құлағыңыздың құрышы қанды. Осының бәрін еске түсіру арқылы сіз миыңызды жаттықтырасыз.


Балаларға арналған ойыншықтарға әуес болуға қысылмаңыз. Мәселен, бес айырмашылығын тауып көр деген сияқты ой шынықтыратын жаттығулардың берер пайдасы зор. Тағы пайдасы мол жаттығу, бірден жүзге дейін санау. Санау жүйесі ешқашан да есіңізден кете қоймас, дегенмен, ми үшін бұл жаттығу тиімді.


«Шпаргалка» ұғымы сізге таныс шығар? Есте сақтаудың ең ұтымды тәсілі — керек болған затты қағаз бетіне жазып алу. Бір қызығы, бұл ми үшін жаттығу болып саналмайды. Емтиханға дайындалардың алдында қағазға жазған жазуларыңыз есіңізде сақталумен қатар, жазба күйінде де болады.


Жоғарыда көрсетілген кеңестерге мән беріп, шешім қабылдасаңыз,  ми қызметіңіздің белсенділігін арттырып, есте сақату қабілетіңізді жақсарта аласыз.

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/239/

...