Заманымыздың заңғар жазушысы Мұxтар Мағауин өз миссиясын орындады деп ойлаймын. Қазақ үшін Шыңғысxандай Ұлы қаған туралы кітаптың төрт томдығын жазып кету екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Сондай-ақ, ата-бабамыз алдындағы үлкен азаматтық борыш.
Жақында осы 4 томдықты оқып бастаймын. Бұйыртса көктемге дейін бітірсем деген жоспарым бар. Екінің бірі тісі бата бермейтін кітап болғандықтан, жүрексініп отырғанымды да жасырмаймын. Себебі 2 жыл бұрын алғашқы томын бастап, елу беттен қайтып едім.
Шыңғысxан - Түркінің ұлы мақтанышы, Тәңірдің берген сыйы. 2000 жылдықта Шыңғысxандай ұлы көшбасшы болмағанын бүткіл әлем мойындап қойған. Өзін қазақпын, нағыз түркімін деген кез келген адамға Мағауинның төрт томдық туындасын оқып қана қоймай, жаттап алу парыз деп ойлаймын.