Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран" шығармасы туралы не айтуға болады?

0 дауыс
12.6k қаралым
Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран" шығармасы туралы не айтуға болады? Маған ол кітап жайлы анатация жазып берсеңіз.
• Санаты: Кітап, Әдебиет

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Аласапыран. Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихынан сыр шертетін өзгеше туынды. Əдебиетті танытып жүрген сүйікті ұстазымның оқыңдар деп ұсынған кітаптарының бірі еді. Тіл байлықты көбейтеді деген. Тарих десе ішкен асын жерге қоймаса да, үстелге қоятын жандарға арналған роман. Асқан төзімділік пен сабырлықты талап етеді бұл кітап. 800 беттік "Қан мен терді" оқығанда қиналмасам да,соның жартысындай ғана болатын "Аласапыранды" оқу мен үшін қиынға соқты. Бұл небəрі екінші кітабы екен. Кітапта қазақтың байырғы сөздері, əсіресе, кірме сөздер бүгінгідей дыбыстық өзгерістерге ұшырамай,сол күйі берілген. Ондай сөздерді түсіну былай тұрсын,оқу барысында тұтығып, əбден ұятты болдым. Тарихи роман болғандықтан,мұнда Ораз-Мұхаммед ханның ой-пікірі арқылы қазақ,орыс,татар ұлттарының бастан кешкен оқиғалары, 17 ғасырдағы тұрмыс-тіршілігі баяндалған. Бұдан бөлек хандық өмірдің соншалықты қиын əрі ауырлығын жеткізеді автор. Жоғарыда айтқанымдай, шыдамды əрі тарихқа жаны жақын жандарға арналған роман. Тіл байлығын көбейткісі келетіндерге де арналады.

0 дауыс
Аласарыран шыгармасына компазициялык талдау жасап ьере аласыз ба

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы