0 дауыс
1.4k көрілді
Сәлеметсіздерме?! Қазақ философиясы жайлы жағымсыз пікір қалдырған философтар кім? Қазақтарды "ризома",ет жегіштер","соғыс машинасы","шегіртке","варварлар" деп кім атаған? жауабын білсеңіздер айтып жіберіңіздерші!

1 жауап

0 дауыс

Қазақтың тарих философиясы туралы пайымдағанда, көшпелі мәдениеттегі өркениеттілік деңгейі туралы кемсітушілік көзқарастардың бар екендігі жөнінде айтуға тура келеді. Олардың арасында адамдық өркениеттіліктің тек батыстық типін мойындайтын еуропаорталықтық тұғырнамалардан бастап, көшпелі қауымнан тек қиратушылық пен «жабайылық» белгілерін көретін «ілімсымақтар» туралы айтып өтуге боладыКөшпелілер туралы Э. Дюркгейм номадтардың сегментарлық, тұлғалық ерекшеліктері бөлінбегендігі және организм сипаттас тұтас қауымда ғана өмір сүре алатындығы туралы айтады.
Қазіргі номадологияда көшпелі қоғам кеңістік пен уақыттан, тарихтан тыс, олар тек отырып қозғалады, тамырсыз ризома рәмізінде бейнеленеді. Ризома деп орталығы жоқ, кеңістікте қалқып жүретін, түп тамырсыз әлеуметтік құрылымды айтады. Көшпелілер кеңістікті бөлмейді, олар өздері осы кеңістікте бөлінеді. Осы бейнеге мағынасы жақын тағы да бірнеше мәдени – әлеуметтік ұғымдарды қарастырсақ: «рулық дәстүрлі адам» (М.Мид), «сегментарлық қоғам» (Е. Дюркгейм) т.б. Сонда номадалық адам тарихтың тарихтың келте бейнесіне айналып кетеді. Оған «варвар» немесе «туземец» деген айдарлар да жараса берер. Тым болмаса үйреншікті марксизмдегі «азиялық өндіріс тәсілі» мен «дала феодализмі» құлаққа жағымды естілер. Немесе Г.Гачевтің номада өз атының үстіне мініп алып, әлемдік қозғалыстан тыс тұрады дегені неге тұрады?. Объективті позициядағы ғалымдар көшпелі қауым туралы көптеген теріс «тұжырымдарды» бекерге шығарады. Мәселен, «ет жеушілерге тән қиратушылық» жөнінде белгілі ғалым Э. Фромм мол деректерді талдау нәтижесінде бұл «идеограмманың» жалған екендігін дәлелдейді. Садизм адамға туа біткен қасиет емес, ол әлеуметтік ортаның жеке адамға қысым жасаған жағдайында пайда болады.

Толығырақ: http://zhalyn.kz/

...