0 дауыс
9.4k көрілді
Сақ жəне ғұн дəуріндегі батырларының есімдері керек

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Б.з.д. VI ғасырда II жартысында Иран жеріндегі парсы мемлекеті жаулап алу соғыстарын жүргізді. Парсы патшасы Кир Кіші Азияны жаулап алудан кейін Окс (Әмудария) және Яксарт (Сыдария) өзендерінің арасын мекендейтін сақ тайпаларына басып кірді.Томирис патша басқарған массагеттерге аса күшті жаумен соғысуға тура келді.Сақ жауынгерінің де күші әлсіз емес-ті.Сақ әскерлеі тез қимылдайтын епті,соғыс ісінің үздік шеберлері болатын.Олрдың ең басты ерекшелігі ірі артықшылығы — олар қыр сырын жақсы білетін өз жерлерінде соғысты.

Б.з.д. 529 жылы парсы әскерлері Окс өзенінен өтіп,бірнеше сақ отрядын талқандады.Томирис өз жеріне жауды тереңдей енгізіп, шатқалға апарып талқандау үшін, өз жауынгерлеріне жылдам кері шегінуге бұйрық берді.Жеңіске масаттанған парсылар сақтардың соңынан қуып берді де, сақтар алдын ала ойлағандай шатқалға жетіп,парсылар құрылған қақпанға тап болды.

Осы шатқалда парсылар түп — тұқиянымен талқандалды,Кир патша өлтірілді.Юстиннің айтуынша, осы ұрыста сақтар 200 мың парсыны құртып жіберген.Бұл сан ұлғайтылып көрсетілген,шындығында,бірнеше ондаған мың парсы құртылған.Өйткені,олар үнемі,үздіксіз соғысып отырғандықтан, өз тайпаларының есебіне жауынгерлер саны толықтырылып отырса да, тек ондаған мыңға жеткенін, алайда 200 мың болмағандығын байқауға болады.

Соғыс ісін жүргізуде, атап айтқанда, жаппай соғысқа кірісуде де, жеке-жеке шабуыл жасауда да сақ соғыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. Сақ стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білуімен, оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады. Жаудын күші сан жағынын басым түскен жағдайда сақтар соғысқа кіріспей, әдей өз жерінің ішінде қарай шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда, шегінер жолын кесіп, оларды қоршап алып, құртып жіберуге тырысты. Осылайша, сақтар соғыс барыснда күшті өз пайдасына бұруда бірінші болып стратигиялық шегініс жасау қолданды.

Сақтардын соғыс жүргізу әдісінің де өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа бөлінді: бірінші отряд соғысқан жауға қарсы майданға шаққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағдайда соққы беруге дайын тұрды.

Сақтар бұл әдісті ескі грек-рим автролары атаған “кіші соғыстарда” кеңінен пайдаланды. Олар кедергілер жасады, алдап түсірді, күндіз де, түнде де тұтқыйылдан шабуыл жасап, тез жоқ болып кетіп отырды. Күтпеген ұсақ шабуылдармен жау әскерлерін үнемі үрейлендірді, алайда өздері ешқашан ұстатпады.

Сақтардың соғыс өнеріне сипаттама бере отырып, Геродот былай деп жазды: “олардың жеріне басып кірген жаудың ешқайсысы қашып құтыла алмайды. Егер олар ашық соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды, себебі оларда қала да, бекініс те жоқ. Алайда, олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала жүреді әрі олардың барлығы да ат үстінде садақты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын.”

530 жылы парсы патшасы Кирдің Амударияның арғы бетіндегі сақтарға қарсы жорығында әйел патша Томирис (Тұмар ханым) басқарған массагеттерден қиратыла жеңіліп, Кирдің өзі шайқаста опат болғаны кеңінен мәлім. “Тарихтың атасы” Геродот осы жорық туралы былай әңгімелейді: “Кир массагеттерді бағындыруды жоспарлайды. Ал массагеттер болса өте көп және ержүрек тайпалар болған. Олар Аракс өзенінің арғы бетінің күншығыс жағында, исседондарға қарсы бетте өмір сүрген. Ал кейбіреулері оларды скиф тайпалары деп атайды.”

Батыста Кавказ Каспий теңізімен шектеседі,ал теңіздің күн шығыс жағына қарай ұшы-қиыры жоқ жазық алып жатыр. Кир басып алуды көздеген осынау ұлан -ғайыр жазықтықтың көп бөлігін жоғарыда айтып кеткен массагеттер мекендеген. Кир Томириске үйленбекші болып құда түсу өзінің елшісін жібереді. Бірақ Томирис Кирдің оған үйленуді емес, оның массагеттер патшалығын иемденуді көздеген ішкі ойын сезіктеніп, оған қарсылық білдіреді. Мақсатына жете алмаған Кир массагеттермен ашығ соғысуға шығады.

Геродоттың айтуы бойынша Томирис патша өзінің әскерімен ұлының тағдыр тәлкегіне түскенін естіп Кирға мынандай сөздерді айтуға хабаршы жібереді: “Қанішер Кир! Сен өзінің ермектеріңмен мақтанба… Менің ізгі кеңестеріме құлақ сал; ұлымды босат, менің жерімнен өз еркінмен аман-сауында қайт, сен онсыз да массагет әскерінің үштен бірін опасыздықпен құрттын. Егерде, менің айтқанымды орындамасан, массагеттердің әміршісі — Күн құдайы алдында ант етемін, қаншалықты тойымсыз болсаң да, мен сені қанмен шөлінді қандырамын,”- деген.

Томирис Кирдің айтқанын әстемегенін біліп, шабуылға аттанды. Бұл, шайқас, менің ойымша ең қатыгез шайқас болды.

Сақ тайпаларының Александр Македонскиймен соғысы.(Б.з.д. 330-328ж.ж)

Арриан, Курций Квинт және Геродот еңбектеріңде сақтардың Александр Македонскиймен әскері екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндайды. Александр Македонскиймен сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Енді сол сақтардың Александр Македонскиймен жүргізген соғыстарының шешуші кезендеріне тоқталайық.

Үш жарым жыл ішінде македондықтар парсы флотын талқандап,Эгей мен Жерорта теңізіне орнығып алды. Парсылардың саяси — экономикалық орталығы Вавилон қаласын жаулап алды.Осы уақыт ішінде македон жауынгерлері сегіз мың шақырымды басып өтті.Шығысқа үстемдік ету үшін македондықтарға міндетті түрде осы аймақты бағындыруға тура келді.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін македондықтарға тағы да үш жарым жыл уақыт кетірді.

Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Эктабанға дейін жылжып,15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып өтті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскері парсы әскерін одан ары қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтіргені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға — сақтарға басып кірді де, бостандық сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.

Соғыстың бірінші кезеңінде — б.з.д. 329 жылы Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал соңғы қала Александрия қаласын салды.

Македон басқыншыларымен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды.Ол сақ тайпаларымен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасық мараканд қаласындағы Македон гарнизонын қоршауға алды.Македон әскері қиын жағдайда қалды.Олар,дегенмен,жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы

да қайта қайтарып алды, бірақ Спитамен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндігі болмады. Себебі, Яқсарт өзенінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен күші өзен арқылы Македон армиясына атқылады.Сақ Александға сөз салды: “Сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке

барма,егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азияттық тағылардан (варварлардан) өзгеше екенін байқаған болар едіңдер.”

Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады.Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер өзеннен өтіп,сақтардың алдыңғы отрядтарын кейін шегіндірді және фалат атты әскердің өзенінен өтуіне жағдай жасады. Сөйтіп шайқас Яқсарт өзенінің оң жағасына ауысты.

Шайқастың бірінші кезеңі македондықтардың алдыңғы отряды бастады. Сақтарға қарсы одақтас атты әскер отряды бастады. Сақтарға қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады.Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскер жіберілді.енді сақтар шегінді, алайда жауларды көзден таса қылған жоқ.

Екінші кезең — негізгі күштің ұрысы және сақтардың шегінуі.Алдыңғы жасаққа үш шағын топпен атты мергендер жіберілді.Алайда сақтар македондықтар шабуылын тойтарып тастады. Сонда Александр өзінің атты әскерінің барлығын соғысқа қатыстырды да, сақтарды шегіндіріп, соңынан түсті.Аррианның айтуынша, аптап ыстық,шөл және Александрды ауыртқан су, лай құтқарды. Шыңдығында,Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады.Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимыл өз әскерін жеке — жеке талқандаудан сақтай отырып, дұшпанға қарсы сақтардың әскери қимылы бірте — бірте топтастырып, күшеюімен сипатталады.

Шайқасып жатқан отрядтар бір — бірімен тығыз байланыста болды және өзара тактикалық қимыл бірлестігін сақтады.Сақтардың артынан түсуді тоқтату, Арриан айтқандай, сақтарды талқандалудан сақтаған жоқ, керісінше сақтардың македондықтарды өз жеріне тереңдете енгізіп алып, талқандауынан сақтап қалды.

Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі күштерін Маракадан тұрған Спитамен басқарған жауынгерлерге қарсы жұмсады. Бірақ

Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да, шайқасқа түскей

Мараканды тастап, тез шегініп, сақ әскерлеріне барып қосылды.

Соғыстың екінші кезеңі — Аралдағы македондықтарды қоршау және құртып жіберу. Спитамен сақ жасақтары македондарды, негізінен, жебенің астына алды. Македондықтардың бір бөлігі сақ тосқауылына тап болды және барлық Македон әскер басқыншылары оққа ұшты.Қырық шақты атты әскер ғана қашып құтылды.Сақтар кейіннен Александр Македонский армиясында қызмет етті. Сақтардың замандастары олардың әскери өнерін жоғары бағалады. Мысалы, Александр Македонский жағында сақтардың атты әскері болған. Арриянның “Анабазис Александра” кітабынан мәлім болғанындай, Александрдың бойшаң жауынгерлерінің өзі сақ жауынгерлерінің иығына әрең жетеді. Сақтар империясының ең шалғай өңірлерінде де қызмет көрсетеді.


Ғұн тайпаларының ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда ғұндар түркше сөйлеген. Ғұн тайпаларына: қыпшақтыр, қаңлылар, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар жатады.

Әскери өнері жағынан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян — қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады.

Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеберлеріне құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп — оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес сияқты.

Олар қас қағым сәтте-ақ дүниенің астан — кестеңін шығарады.Тарихшылардың айтуы бойынша, Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді. Мұны Римдіктер мойындаған болатын.

Ғұндардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино III-ден қарындасы Генорияны өзіне әйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруге талап етті. Римдіктер мұны біліп қатты дүрлігеді.

451 жылы Аттила алып державаның әміршісі болды. Оған Днестірден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды.Ол қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туғызды. Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалды. 451 жылы аттила Рейн өзенінің басы өткенде, Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің әскер басы Аэци деген адам еді. Ол ғұндар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астында весьтоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп 451 жылы маусымда Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила әскерімен шешуші шайқас болды. Мұндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі соғысты бұдан соң тарихты XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға дейін жеттіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен екен.Алғашқы шайқас Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен бірге күшті лагерьге тасалануға мәжбүр болды. Шабуылды күту кезінде, ол ғұндардың дәстүрі бойынша, жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Римдіктер құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық басталды. Аттила өз әскерлерін ертіп,

аман — есен кері қайтты. Көп ұзамай ол өзінің әскері қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне, яғни Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді.Қала басшысы қақпаны ашқан үшін Аттила қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады.

Ендігі кезең Римдікі еді. Мәңгілік қаладан Рим папасы — I Лев Аттилаға, қайырымдылық сұрау үшін, елші жібереді. Елшілер Аттилаға көп алтын,асыл заттар тарту еткен. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, ғұн елінде оба ауруы басталған еді. Ғұн патшасы Попнонияға кетпекші болды, бірақ римдіктері Гопорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтып келмеді.Ол өз сарайында әйелдікке бургун елінің сұлу қызы Ильдиконы алды. Бірақ, Аттила тойдың ертесі күні өлейін деп жатқанын көрді. Аттиланың өлімі туралы оның бургун карольдігін күйреткені және туысқандарын өлтіргені үшін кек алу мақсатымен Ильдико у берді деген хабар еуропаның шартарабына тарайды.

...