+1 дауыс
402 көрілді

Бірінші кезек, мәнерлеп сырғанау. 1-4 ақпан арасында "Алматы аренада" өтеді. 1-2 ақпанда қыздар, 3-4 ақпанда ерлер шығады. Ерлер арасындағы жарыста Денис Тен бар екенін ескерте кетейін. 

Екіншісі, шорт-трек. Іш пыстырмайтын әрі интригаға толы спорт. Қазақстан - фаворит. 5-7 ақпанда өтеді.

Үшіншісі, "шлабрасы бар" керлингті көруге де уақыт тапқан дұрыс. Өз интригасы бар және ережесі ерекше.

Төртіншісі, хоккей, фристайл және трамплиннен секіру. Хоккей залда болады және Қазақстан басты фаворит әрі билеттері де арзан, 300-500 теңге. Фристайлда шаңғышылардың сальто айналғанын анық көруге болады. Трамплинмен секіруде бастысы жарысты қарап, түсініп отыруға ыңғайлы. 28 қаңтарда хоккейден Қазақстан мен Қытай ойнайды. Барамыз дегендер көп боп қалар.

Биатлон мен шаңғы спортттан алыстау адамдарға ұнай қоймайды. Себебі спортшыларды сөреден шығарып, мәреден күтіп аласыз. Бұл спортты үйде теледидардан көрген әлде қайда тартымды.

P.S. Биатлон, шаңғы, фристайлге барсаңыз күннен қорғайтын очки ала салыңыз. Таудағы күн көзіңізге түссе аша алмай қаласыз.

1 жауап

0 дауыс
Журек кай спортты калайды сол спортты тандаган дурыс
...