0 дауыс
7.0k көрілді
қандай Мен, эколгия мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірдім. 2.0.1.5.ж. енді жұмыс табалмай жүрмін.

1 жауап

0 дауыс

Кәсіби қызмет саласы:өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу және білім беру салалары, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаның сапасы мен адам денсаулығын бақылау.

Кәсіби қызмет обьектілері:аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, қорықшалар, биосфералық қорықтар, өнеркәсіп мекемелері, агроөнеркәсіптік кешендер, сынақ алаңдары, энергетика нысандары, АЭС, білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми-зерттеу орталықтары жатады.

Кәсіби қызмет саласы:

· ұйымдастыру-басқару қызмет;

· өндірістік-технологиялық қызмет;

· сервистік-пайдаланушылық қызмет;

· эксперименталдық-зерттеушілік қызмет;

· білім беру (педагогикалық) қызметі;

· жобалау қызметі.

Кәсіби қызмет мазмұны:

· экологиялық қызметі – экологиялық кадастр құру, биологиялық єралуандылықты зерттеу, табиѓи ортаныњ сапасын талдау;

· ғылыми-зерттеушілік қызметі – далалық жєне эксперименталдық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге, бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру және табиғатты ұтымды пайдалануға қатысты жаңа экологиялық әдістерді жасауға қатынасу;

· сервистік-пайдаланушылық қызметі – экологиялық жүйелердің орнықты күйін сақтау мақсатында табиғи ортаның сапасын нормалау жµніндегі практикалық ұсыныстар жасау, қоршаған ортаға көрсетілетін антропогендік жағымсыз әсерді бәсеңдету және биологиялық әралуандылықты сақтау мақсатында әртүрлі өндірістерде экологиялық қауіпсіз технологиялар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;

· консультативтік қызметі – экологиялық пректілердің жобалау-қаржыландыру құжаттамаларын даярлау және техникалық-экономикалық негіздеу ережелері бойынша, аудит, сараптама және қоршаған ортаға көрсетілетін әсерді бағалау (ҚОӘБ-ОВОС) жөнінде консультациялар береді;

· жобалаушылық қызметі – экологиялық проектілерді іске асыруға қатысу, келешек жұмыстардың жобасын жасау;

· табиғат қорғаушылық қызметі – шаруашылық әрекеттің жағымсыз салдарларының алдын алу мақсатында қоршаған ортаның сапасын нормалау жөніндегі практикалық ұсыныстар жасауға ат салысу, табиғатты ұтымды пайдалануға қатысты жаңа экологиялық әдістер мен технологиялар енгізу;

· білім беру және тәрбиелік қызметі – орта және арнайы білім беру мекемелерінде экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру, экологиялық ағарту жөніндегі оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, халықтың әртүрлі топтарының арасында экологиялық білімдерді насихаттау;

· сараптамалық қызметі – мекемедегі экологиялық басқару жүйесін қалыпты күйде сақтау, экологиялық есеп беру құжаттарын даярлау жұмыстарына қатысу; табиғи және өндіріс нысандарын экологиялық сараптамадан өткізуге және құжаттандыруға арналған материалдарды жинау және талдау;

· басқарушылық қызметі – табиғат қорғау нысандарын жобалауға және оларды бақылау қызметін ұйымдастыруға қатысу; өзге қызметкерлермен бірге басқарудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-технологиялық негізін жасауға қатысу, басқарушылық шешімдердің пәрменділігін талдау;

· мекемеде экологиялық басқару жүйесін құру және қалыпты жағдайда ұстап тұру, экологиялық есеп беру құжаттарын дайындау.

...