0 дауыс
1.1k көрілді

Мен өзім информатика мамандығын бітіріп банкте акімшілікте формамен отыратын орындарда жұмыс істесем димін сл орындарға кіре аламынба жұмысқа??

1 жауап

0 дауыс

Біліктілігі: "5В060200 Информатика" мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызмет аумағы:

- информатика мен қолданбалы математика әдістерін пайдаланатын салаларда өндірістік, жобалау-конструкторлық және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- заманауи ақпарат технологияларының даму бағыттарына сәйкес ұйымдардың тиімді қызмет етуін және оларды басқаруын қамтамасыз ету;

- орта жалпы, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарында, ІТ-технологиялар бойынша маманданған оқу орталықтарында педагогикалық қызмет атқару.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу жұмысы: әдістер, алгоритмдер, программалар, аппараттық-программалық кешендерді және жүйелерге талдау жасау, олар бойынша теориялық және эксперименталды зерттеулер жүргізу;

- өндірістік-технологиялық жұмыс: есептеу жүйелерінің, автоматтандырылған жүйелердің бөлшектерін жасау және белгіленген сапамен белгіленген мерзімде программалар мен программалық кешендерді өндіру; аппараттық-программалық кешендерді тестілеу және жөнге келтіру;

- ұйымдастыру-басқару жұмысы: кәсіби жұмыс объектілерін дайындау және зерттеу үдерісін ұйымдастыру барысында технология мен құрал жабдықтарын таңдау; кәсіби жұмыс объектілерін әзірлеу үдерісінің жекелеген этаптарын ұйымдастыру; кәсіби жұмыс объектілерін әзірлеу үдерісіне баға беру, бақылау және басқару;

- жобалау-конструкторлық жұмыс: кәсіби жұмыс объектілерінің жекелеген бөлшектеріне қойылатын талаптар мен өзіне тән ерекшеліктерін пән саласындағы модельдерді пайдаланушылардың сұраныстарына талдау жасау негізінде қарастырып, әзірлеу; аппаратты-программалық кешендер бөлшектерінің архитектурасын жобалау; аппаратты-программалық кешендердің адами-машиналық интерфейсін жобалау;

- білім беру қызметі: ең жаңа компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау және оқу үдерісіне ендіру; белгіленген стандарттарға сәйкес қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістер, құралдар мен технологиялар негізінде оқу-әдістемелік материал дайындау; қашықтықтан білім берудің түрлі формаларын, оқушы үлгерімін бақылаудың электронды түрін ендіру

Университетте 5В060200 — Информатика мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған бітірушілер мынадай лауазымдарда еңбек ете алады:

- программист, компьютерлік дизайн саласындағы маман;

- WEB-программист;

- объектілік-ориентирлік программалау саласындағы маман;

- басқармалар мен бизнес-құрылымдардағы мәліметтер базасын жобалаушы;

- орта жалпы, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерінде информатика және компьютерлік циклға енетін пәндердің оқытушысы;

- кәсіби жұмыста ІТ-технологиялары қолданылатын лауазымдарда.

Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді араласады, республикандық ғылыми конференцияларға қатысады. Информатика мен программалау пәндерінен жыл сайын өтетін республикандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатады. Mikrosoft өнімдерін қолданған программалық жобалар көрмесіне, INTECH 05 инновациялық технологиялары жобаларының Екінші олимпиадасында қатысып, дипломдармен марапатталды.

...