Бөлме шыбынының маңызы және құрылысы қандай?

0 дауыс
2.0k қаралым
Бөлме шыбынының құрылысын мен маңызын жазып беріндерші, өтінемін, бүгінге керек!
Биология

1 жауап

0 дауыс

Үй шыбыны (лат. Mussa domestіca) — нағыз шыбындар тұқымдасына жататын жәндік. Жер шарында кең тараған (синантропты түр, космополиттер, тұрғын үй маңынан алысқа ұзамайды).

Дене тұрқы 5 — 9 мм, Үй шыбыны қоңыржай аймақта 9, субтропикте 15 ретке дейін ұрпақ береді, аналығы 2 — 3 айдың ішінде 600-ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады. Өсіп даму ұзақтығы (жұмыртқадан ересек шыбынға дейінгі аралық) қоршаған ортаның жағдайына (температура, ылғалдылығы) байланысты 10 — 45 күн. Дернәсілдері шіріген органик. заттармен қоректенеді. Үй шыбынның ауыз мүшесі сұйық және қатты қоректі ұстауға бейімделген. Сұйық қоректі тұмсығы арқылы шаншып сорса, ал қатты қоректі шаншығыш қылшықтарымен тесіп сорады. Бұлар көптеген жұқпалы аурулар, әсіресе, іш сүзегі, дизентерия, оба, тырысқақ, т.б. ауру қоздырғыштарын таратады. Үй шыбынына қарсы әр түрлі химикалық препараттар қолданылады. Үй іші, қора-қопсы таза ұсталуы, тағам қалдықтары, мал қиы, т.б. жабық сақталуы қажет.


https://kk.wikipedia.org

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы