0 дауыс
1.4k көрілді
Ассаламағалейкум жамағат. Қожанның шежіресі кімде бар екен. Қазақша нұсқасы болса хабарласуларыңызды сұраймын.

87771646803

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Туыпты Жанарыстан алты қожа» дегені ұрпақсыз уайым қуып отырған Жанарысқа алты қожа жолаушылай келіп бата береді. Сол себепті осы оқиғадан кейін туған ұлдарына қожалардың атын беріпті-мыс деген шежірелік дерекке саяды. Бұл, әрине, қазақ шежіресін жүйелеуге қожа арасынан шыққан білімді адамдардың қатысқанын көрсететін мысал.

Бұл М.Ж. Көпейұлы шежіресінде толық әңгімеленген генеалогиялық-мифтік сюжет.

«Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен, әділдікті айтқандықтан Ақжол атаныпты» - дейді Шәкәрім шежіресі.

Сондай-ақ шежіре деректерінде Тұлымқожа, Тоққожа, Меңліқожа, Сымаққожа. Тоққұлықожа (Жошы ұрпағының бірі), Темірқожа (Шибанның бір ұрпағы), Ілияс қожа, Қызыр қожа (Тоғлық Темірдің балалары), Айтқожа халпе дерек есімдері аталса, Кіші жүздің рубасылары ретінде Батырқожа, Болатқожа, Сәдірқожа, Әлқожа, Нәдірқожа, Қыдырқожа, Асанқожа, Нұрқожа, Құттықожа сияқты қожалардың аттары, ал барлығын қосып есепке алсақ 17 қожаның аты қазақтың Орта жүз және Кіші жүз руларысының көсемі ретінде көрсетіледі.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: *Emails are not allowed* электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Нақты: «Алшыннан Алау батыр, одан Құдуар туған. Одан алты бала болады, олар: бірінші – Сәдірқожа, одан Әлім, Шөмекей, Төртқара, Қаракесек, Шекті, Кете. Кіші жүздің нәсілінен Сәдірқожаны "алты аталы ел" дейді; екінші Нәдірқожа одан Жағалбайлы, Табын, Тама, Керейіт, Кердері, Рамазан. Нәдірқожаны "жеті аталы, жеті рулы" дейді; үшінші Қыдырқожа бай, одан Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Алаша, Таңа, Қызылқұрт, Есентемір, Беріш, Таз, Адай, Жаппас. Қыдырқожаны "он екі аталы Байұлы" дейді.

Айтышулар Қыдырқожа байдың бәйбішесі Жанбибі деген анамыздан Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Емсиық туыпты депті. Барлығы небәрі "жиырма бес таңбалы Кіші жүз", немесе "жиырма бес таңбалы Алшын" деп аталады» - дейді бір шежіре.

Ұлы жүз руларының шежірелік тарихында қожаларға байланысты осындай сипаттағы деректер кездесе қоймайды.

Жалпы Моғұлыстан аймағында қожалардың ықпалы күшті болғаны тарихта белгілі. Оны шежіре деректері де растайды.

«Әз Жәнібек ханның Әбілқайыр ханға өкпелеп келіп қарағаны осы Тұғлұқ Темір еді. Мұның екі баласы – Ілияс қожа, Қызыр қожа. Қашқар, Жаркент Алатауындағы хандар осының нәсілінен. Қызыр қожаның бір баласы – Жүніс, оның екі баласы – Махмұд, Ахмет. Махмұдтың лақап аты – Жанеке. Ахмет біздің қазаққа хан болып қалмақты шапқандықтан алашыхан атанды. Бұларды Оратобеде Шайбақ өлтірді» - деп қазақ шежіресі мәлім етеді. Сондай-ақ «1780 жылы Жүніс қожа Ұлы жүзді жеңіп, Ташкент алды. Жүніс қожа өлген соң, 1810 жылы Ташкентте Қоқан ханына қарады» - деген дерек шежірелерде бар.

Қожалардың қазақ даласында мекен еткен жерлері көп. Қаратау өңірі қожалардың ескі уақыттарда қоныстаған жерлері. Баба ата, Ғәкәш әулие, Баба түкті Шашты Әзиз әулиелердің жатқан жері. Сондай-ақ Сарыарқада да қожалардың қазақ ортасында шоғырланған жерлері болған.

Қожалардың Орта жүз руларымен арақатынасы жайлы және орналасқан мекендері туралы дерек шежірелерде былайша сақталған: «Тоқтарқожа деген екі қожа Бұқарадан шығып екеуі де Керей еліне сіңіпті. Тұлымқожа Жәдік дегеннің қызын алып, сол елде тұрып қалған. Тоқтарқожа болса Байымбайдың Мақта апай деген қызын алыпты. Бұдан Байжігіт, Жанжігіт туыпты. Тоқтарқожа «Кең түп, тар түп» деген жерге (еліне) кетіп Жанжігітті ала кетеді».

Балқаш өңірінде, сарым, дадан тобықты ортасындағы қожа әулеттерінің шежірелері былай таратылады: «Қожа әулетінен тарайтын Аппақ (Аққожа) ұрпақтары Ақтоғай ауданы Жидебай ауылының жағындағы Найзатас өзенінің басындағы жағында таулы аймақта мекен етіпті. Өтеміс бабаның Тоқсары (Боқсары) есімді баласының ұрпақтары ішінде нағашылы-жиенді, құда-құдағи, ағайын-туыс болып саналады. Аппақ қожа, одан Қожа Ахмет, одан Абзал қожа, одан ... қожа, одан Жұман қожа, одан Нияз қожа. Нияз қожадан Бекбау, Қойбағар, Ырсымбет, Төлеген, Қыстаубай, Күйкентай (қыз). Бекбау қожадан – Құлшыман, Көшербай. Күйкентай қыздан»


http://alashainasy.kz/shezhire/koja-auletter-men-kazak-rularyi-turalyi-shejrelk-derekter-58838/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 17.09.2020 Шежіре сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.10.2020 Шежіре сұрақ қойды
...