0 дауыс
59.3k көрілді
Ескендір поэмасын компазициялық талдау істеп беріңіші

2 жауап

0 дауыс

Міне:

1. Авторы – Мен))

2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.

3. Жанр түрі – поэма (дастан)

4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.

5. Шумақ саны – 42

6. Тармақ саны – 168

7. Буын саны – 3 бунақты

8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)

9. Шығарманың композициялық құрылысы:

9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.

9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.

9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.

9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.

9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.

10. Шығарма кейіпкерлері

Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.

Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды.

Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.

11. Әдеби теориялық ұғымдар

Теңеу – дарияның суындай қандар ақты;

таспадай бейне арықтан шыққан құлап.

Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.

12. Түсіндірме сөздік =)

Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр

Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу

Даңғой – елірме, есер, желікбас

Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор

Ант ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбаған

Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз

13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні

Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.

...