0 дауыс
19.1k көрілді
Мен Жас Түлекпін. Негізгі таңдау пəнім биология, қосымша пəн химия. Құдай қаласа жалпы медицинаны таңдап отырмын. Негізі сұрайын дегенім жалпы медицинада қандай салалар бар? Окурист болғым келеді. Ол үшін нені таңдаймын? Қандай оқу орнын таңдағаным дұрыс жəне қанша уақыт оқимын? Бұлардан басқа биологиядан қандай мамандықтар бар?

1 жауап

0 дауыс

Медицина – ғылым мен тәжірибе арқылы ауру-сырқаттарды емдеу, оны алдын алу, адам денсаулығын сақтау мен шама- шарқын жоғарылату, өмір сүру ұзақтығын арттыру секілді  ықпалдар негізінде жасалатын дәрігерлік көмек.

2006 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасында Үкімет Қаулысымен медициналық және фармацевтикалық білім беруді қайта құру концепциясы қабылданды. Концепцияда медицина саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындау базалық медициналық біліктілігін үйрету жолдарының толық нұсқасы қарастырылған. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігер оқуының (5+2)  соңғы 2 жылы интернатура болып саналады. Интернатураны тәмамдап болғаннан кейін, клиникалық мамандық бойынша мемлекеттік аттестацияны сәтті тапсырып шыққан жағдайда, соған  сәйкес құжат беріледі. «Жалпы медицина» мамандығын алған, бірақ интернатураны өтпеген түлектер клиникалық тәжірибеге жіберілмейді.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білімді (5+2) аяқтаған түлектер «дәрігер» біліктілігін иемденеді. Оқу аяқтаған түлектерге жалпы тәжірибелік дәрігер немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес тәжірибелік қызмет етуге рұқсат беріледі, сонымен қатар олар резидентурада оқуын жалғастырып, жекелеген мамандық игерулеріне болады (2-4 жыл). Резидентура мамандықтары бойынша білім алған мамандар сертификат және лицензияландыруға емтихан тапсырғаннан кейін ғана дербес тәжірибелік қызметке рұқсат алады.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды бітірген түлек клиникалық іс-тәжірибесіне қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс жасауға ынталанса, ол оқуын магистратурада жалғастырып ғылыми-педагогикалық бағытты таңдайды.

Медицина мамандықтары:

  • 5В130100 «Жалпы медицина» – 5 жыл + 2 жыл интернатура;
  • 5В 130200 «Стоматология» – 5 жыл +1 жыл интернатура;
  • 5В110400  «Медико-профилактикалық іс» -  5 жыл;
  • 5В110300 «Фармация» – 5 жыл;
  • 5В110100 «Мейірбике ісі» – 4 жыл;
  • 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 5 жыл;
  • 5В074800 « Фармацевтикалық өндірісі технологиясы» – 4 жыл;

Оқытатын білім  ордалары:

Ұлттық университет:

  • С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті;

Мемлекеттік  ЖОО-лар:

  • Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
  • Семей мемлекеттік медицина университеті;
  • Астана медицина университеті;
  • М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті;
  • А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.
...