0 дауыс
3.9k көрілді
Менің жасым 17-де.Петропавл қаласында тұрамын.Осы байқауға қатысқым келеді.Кастингтен өту үшін не істеу керек?Қандай шарт бар?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген өңірден шыққан әрбір ару байқаудың "Мисс Қазақстан" деген ресми сайтына өтінім бере алады. Тіркелген соң бірнеше күннің ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға кастингке шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастинг болады. Әр қаладағы іріктеуді өткізу күні мен уақыты туралы барлық ақпаратты ресми сайттан ала аласыз. 5 - 14 қараша аралығында онлайн дауыс беру болады, соның нәтижесі бойынша бес ару "Қазақстан Аруының" финалына өтеді.Байқаудың финалына екі апта қалғанда республиканың әр қаласының сұлулары Алматыға жиналады. Ұйымдастырушылар олардың Оңтүстік астанаға келуіне, атап айтқанда, жүріп-тұруына, тамағына және басқа да шығындарына ақы төлейді. Финалға дейін үлкен дайындық жүреді, кәсіби визажистер, шаштараздар, фотосуретшілер мен дефиле және би шеберлері сұлулармен жұмыс істейді. Қатысушылар кәсіби фото және бейне портфолио, іс-шара демеушілерінен жүлде алады, осының бәрі тегін. Ал жеңімпаз Қазақстанды "Әлем Аруы" және "Дүниежүзі Аруы" сияқты әлемдік сұлулық байқауларында танытады. Әлемдік байқауға қатысуға қажетті шығынның бәрін (лицензия, жол жүру, күнделікті гардероб, кешкі және ұлттық көйлек, қайырымдылық бәссаудасына арналған кәдесый т.б.) "Мисс Қазақстан" дирекциясы өз мойнына алады.
0 дауыс
Менин жасым 17де.Талдыкорган каласында турамын.Осы байкауга менин де катыскым келеди.Кастингтен оту ушин не истеуим керек ? Кандай шарттар  бар ?
0 дауыс
Менің жасым 37де осы баиқауға қатсқым келеді нестеу керек Атырау облысында түрамын
...