Жасым 24- те. Оңтүстік өңірінің қызымын. Алматы қаласында психолог мамандығы бойынша оқыдым. Мен студент кезімде қасымда құрбыларым 19, 20 жасында тұрмысқа шықты. Әрқайсысының тойына барғанда, сен кәрі қыз болып қалдың деп тиісетін. Дегенмен ол сөз көңіліне келеді. Бірақ іштей Алладан саналы жігіт жолықсын деп тіледім. Алла тілегімді қабыл алыпты. Өте керемет адамға тұрмысқа шықтым. Анасына қалай құрмет көрсетсе, маған да дәл сол жақсы құрметті көрсетіп келеді. Әрдайым пікірімді сұрап отырады. Маған қамқор, сүйікті адам, қолдаушым, қорғаушысы. Күнделікті жұмыстан келген соң бүгінгі күнімізді талқылаймыз. Отбасында түсініспеушілік болып жатқан да ешқашан жаман пікір қалдырмайды. Қайта бір -бірімізге қателігімізді айтамыз. Басында солай келістік,орындалып келеді. Әйел адамға деген құрметін көріп мен екі есе сыйлауға тырысамын. Айтпақ ойым, қыздар ішкі түйсіктеріңізге сеніңіздер. Студент кезімде бір апайым айтатын, мойныңа асылып алып темекі шегетін жігіт жақсы емес. Сені сыйламайды деп!