Химиялық элементтер туралы айтқанда біз атомдардың белгілі түрін елестетеміз. Атомдардың құрылысы туралы да біз теориялық түрде ойлаймыз. Ал іс жүзінде біз сол атомдардан түзілген заттармен ғана кезігіп отырамыз. Біз затты ғана көріп, оның физикалық қасиеттерін анықтай аламыз, реакциялар жүргізіп оның қай заттармен әрекеттесетінін, реакция нәтижесінде не алынатынын біле аламыз.
Кейбір жай зат – бейметалдар бізге мәлім, біз оларды өзге бейметалдар арасынан ажырата аламыз. Мәселен, біз сутегінің Н2, оттегінің О2 қасиеттерін білеміз, сондықтан оларды анықтап, тани аламыз. Бірдей көміртек С атомдарынан түзілген графит пен көмірдің қандай зат екенін білеміз, фосфордан сары күкіртті ажырата аламыз. Біз галоген тектестерге жататын жай заттар – хлор СI2, бром Br2, иодты I2 көріп жүрміз.
Кейбір жай заттар – бейметалдар мектеп зертханасында жоқ. Мәселен, біз мектепте металл балқымаларының ыстыққа беріктігі мен қаттылығын күшейту үшін пайдаланылатын бордың қошқыл сұр кристалдарын көре алмаймыз, бірақ бор қышқылы Н3ВО3 бізге мәлім. Бұл кристалды ақ ұнтақ барлық үйде болуы мүмкін, өйткені оның ерітіндісі зарарсыздандыру құралы есебінде қолданылады. Ақшыл сары газ – фторды да бізге көрсетпейді, өйткені ол өте белсенді, көптеген матриалды бүлдіреді. Оны тек платина немесе мыс-никелді ыдыстарда ғана сақтауға болады. Әрине, біз астатты At да көре алмаймыз, себебі ол жасанды жолмен алынатын радиактивті элемент.
|
10-сурет. Химиялық элементтердің Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесінің 2-периодындағы элементтерден түзілген жай заттар – бейметалдар |
Өзге бейметалдардың барлығымен сендер (10 және 11-суреттер) мектеп химия кабинетінде немесе басқа химиялық зертханаларда таныса аласыңдар.
|
11-сурет.Химиялық элементтердің Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесінің 3-периодындағы элементтерден түзілген жай заттар – бейметалдар |
Бейметалдар бөлме температурасында молекулалар түрінде болады. Олардың молекулаларында атомдар бірімен-бірі ковалентті үйексіз байланысады.Бейметалдардың кейбіреуі газ тәрізді күйде болады, олардың молекулалары екі атомды: оттегі О2 , сутек Н2 , азот N2 , фтор F2 , хлор Сl2 . Сұйық бром және қатты иодта Br2 және I2 екі атомды молекулалардан түзілген. Өзге қатты бейметалдар кристалл түріндегі алып бөлшектерден түзілген, олардың атомдарының көпшілігі ковалентті үйексіз байланыстармен байланысқан. Алмаз Сx, кремний Six , бор Вx кристалдары осындай.
Екі электрондардың әрқайсысы энергетикалық тиімді жүйе түзіп, атомдар ядроларына бір мезгілде тартылатындықтан, коваленттік байланыс түзіледі. Ковалентті химиялық байланыс тұрақтылығының себебі осында:
Молекулалардағы атомдарда олардың қасында орналасқан инертті газдың сыртқы қабатында неше электрон болса, сонша электроны болады: мысалы, сутек атомында – 2, хлор және азотта 8 электрон.
Бейметалдардың барлығының қатты күйінде кристалды торы болады (10-кесте). Егер балқу температурасына дейін салқындатсақ, газды да қатты күйге айналдыра аламыз. Мысалы, оттегі –218,3°С кезінде қатаяды. Бір жағдайларда кристалды торлардың түйіндерінде – молекулалар (О2, I2, S8) болады. Молекулалық типті мұндай кристалды торлары берік емес, температура артқан кезде оңай бұзылады. Өзге жағдайларда кристалды торлар түйіндерінде атомдар болады. Бұлар – атомдық кристалдар, олар өте берік, қиын балқиды (Сx, Six, Вx).
10-кесте. Қатты күйдегі жай заттар –
бейметалдардың кристалды торларының типтері
|
|
|
|
(H2) |
B |
C |
N2 |
O2 |
F2 |
|
Si |
P4 |
S8 |
Cl2 |
|
|
|
Se |
Br2 |
|
|
|
|
I2 |
|
|
|
|
At2 |