Күннен электр энергиясын өндіретін панельдерді қайдан алуға болады? Бағасы қандай? Размері қандай? Қалай орнатып, пайдалануға болатындығы жөнінде информация бар ма?
Осы сұрақпен бұдан біразырақ бұрын Жәкеңе жекеге хабарласып едім, тұшымды жауап ала алмадым, бірақ әлі күдерімді үзбей, жауап күтіп жүрмін, өйткені ол Жамбыл облысында осындай бірнеше станциялардың жасап тұрғанын, өзінің де сол салада жасайтындығын айтып қалды.
Бұл жерде мен біреуді мұқатайын деген ойдан аулақпын, тек шынымен де білгім келеді, өйткені алдағы жазға жоспарлап отырған жұмыстарыма қажеттілік туып отыр. Игергелі отырған жер участогіме электр желісін тарту мүмкіндігі қиындау.
Мүмкін, біреу-міреу бұл проблемамен жақсырақ таныс шығар? Бізде жел энергиясын пайдаланудың қандай мүмкіндіктері бар? Маған теориялық сипаттағы жалпылама әңгіменің керегі жоқ, оны өзім де білемін, маған, мысалы, пәлен жерде бар, бағасы мынадай, қол жетімді, сатып аласыз да былайша орнатасыз деген нақты әңгіме керек.
Қанша дегенмен де ЭКСПО өткізгелі жатқан ел емеспіз бе? Негізі, бұлай сұрауымыздың өзі ұят-ақ. Мұндай елде, әрбір банктер мен сауда нүктелерінде кредит алуға шақырған буклеттер сияқты, кішкентай, ықшам буклеттер толып жатуы керек қой )).