1. Рет нөмірі 3-ке, 6-ға тең элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастыр.
2. Көрсетілген электрондық формулалар қай атомдарға сәйкес келетінін анықтап, сол элементке сипаттама бер: а) 1S22S22P3 ә) 1S22S2
3. ІІІ топ, А топшасында орналасқан элементтерді жазып, қасиеттерінің өзгеруін көрсет.
4. Электртерістілік дегеніміз не? Мына элементтерді электртерістілігінің кему ретімен орналастыр: Br, O, I, S, N, B, C, Mg
5. Мына зат молекулаларының арасындағы байланыс типін анықтап, түзілу сызбасын көрсет: Cl2, HF, Na2S
6. Атомдық кристалл торын түзетін заттардың қасиеттері, қандай заттарда атомдық кристалл торы болады?
7. 11,2 л (қ.ж.) сутек алу үшін натрийдің қандай массасы сумен әрекеттесуі керек? Реакция теңдеуі: 2Na + 2H2O → 2NaOH + H2↑