0 дауыс
2.4k көрілді

Тәуелсіздік күні 25 жыл

Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен баршаларыңызды құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңе мол жетістіктер тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

3 жауап

0 дауыс

Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. 
Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық.

Осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы.

Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! 
XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!

0 дауыс
Рахмет! Аумин! Айтқандарыңыз келсін!
0 дауыс
Әумин айткандарыныз келсин !!!!!!!!
...