0 дауыс
5.8k көрілді
Түбі бір түркі тайпалары тақырыбында шығарма немесе эссе керек?

1 жауап

0 дауыс
Түрік халқы әрқашанда өзі ұмтыла алатын мақсаттарға мұқтаж. Р. Роллан Түрік халқының тарихы бірнеше халықтардың мәдениетімен, тілдерімен біте қайнасқан түрлі оқиғаларымен таң қалдырады. Ұлы Византиялық, білімді арабтық және жауынгер түркіліктер ата-бабалары біртұтас түрік халқы ретінде топтасып, екінші Вавилон құрды. Түрік атауы көне «түркі» сөзінен шыққан. Басқа да атаулары кең тараған: түріктер, түрік-жавахтар, месхетин түріктері, алхалцих түріктері, месхетиндер, Кавказ түріктері. Түріктердің этногенезі екі негізгі компоненттен тұрады: Азия мен Кавказ өңірінде жаппай пайда болуы ІІ ғасырда басталған месхтардың грузиндік тайпалары және түріктер. Месхет жотасы ауданы грузин патшалары мен түрік сұлтандарының билік ету аясын бөліп тұратын шекралық аймаққа айналды. XIII ғасырдағы монғол басқыншылығы мен 1395 жылғы Темір жорығынан туындаған жаппай қоныс аудару Грузияның оңтүстік-батыс шекаралық аудандарында, әсіресе оңтүстіктен басып кіруден әлсіз қорғалған Месхетияда түріктер санын көбейтті және кейіннен оның тұрғындарының бір бөлігінің осман түріктеріне сіңісіп кетуін жеңілдетті. 1555 жылы Самцхе-Саатабагоның Осман империясы құрамына енгеннен кейін Месхетия аумақтары түрік этносының әсер ететін аймағында қалып, Ахыска патшалығы деп аталды. Түріктермен жергілікті тұрғындардың сіңісуі діни және тілдік бағытта да жүргізілді. Мұсылмандыққа өту барлық жағынан мадақталды. Осман империясында аралас тұрғындары бар жерлерде ауызекі сөйлеу тіл болып келген түрік тілі ұлтаралық тілге айналды. Нәтижесінде жергілікті түрік диалектісінде сөйлейтін, егінші-мұсылман екенін білдіретін, түрік-түркілер жалпы этнонимі пайда болды. Грузия құрамындағы Ахалцих ауданының Ресейге қосылу уақытына қарай (1829) мұсылман-месхитиндер сол аймақтың саны жағынан ең аз тұрғындары болды, бірақ 19 ғасыр бойы және 20 ғасырдың 1-ші ширегінде олардың үлесі бірте-бірте өсті. Түрік тілі түркі тілдерінің бірі, оғыз тобына жатады. Түрік және түркі сөздері көптеген тілдерде ұқсас айтылатын болғандықтан, түрік тілін кейде «анатолы- түрік» деп атайды (Азияның ежелгі атауы – Анатолы). 1918-1923 кемалистік революцияға дейін және Түркия республика болып жарияланған соң осман тілі болып аталған. 30-шы жылдардың аяғына қарай месхетин мұсылмандарында түрік-месхетиндер жалпы этнонимі болды, ал жергілікті месхетиндер (19 ғасырдан бастап православиялықтар) оларды түріктер деп атады. Түріктердің дәстүрлі тағамдары әр түрлі және өте бай. Түрік дәмінде сиыр және қой еті көп қолданылады. Ең дәмді тағамдарының бірі- әртүрлі кебабтар, оларды даярлауда өте көп дәмдеуіштер пайдаланылады. Жеңіл тамақтардың да түрлері аса мол: көкөніс және жеміс салаттары, қой ірімшігі, қытай бұршағы болмаса жүзім жапырағымен оралған күріш, тарттырылған қызанақ пен бұрыш т.б. Көп қатпарлы, қамыр қабаттарының арасына ірімшік, дәмдеуіштер, ет, балық салған, ерекше «берек» бәліші жеңіл немесе негізгі тамақ ретінде ұсынылады. Түрік асханасында тәттілер ерекше маңызға ие. Әсіресе жұқа қатпарлы қамырдың арасына грек жаңғағы мен шекілдеуік жоңқасы салынған қырық қабатты «бахлава» («пахлава») ерекше кең таралған. Ұлттық сусыны — рақы (анис арағы), оны сумен араластырып, «арыстан сүті» деп атайды. Түріктердің киімі жаңа заманға сай келеді. Кейбір қарт адамдар шалма мен тақия киеді. Әйелдер киімінде ұлттық нақыш ең жақсы сақталған: шәлі, ұзын әрі қарапайым көйлек; әйелдер далаға (тіпті жазда да) денесін жасыратын ұзын шапандар мен тозаңқаптар киіп шығады. Әйелдердің ұлттық киімі, әсіресе, ауылдық жерде жақсы сақталған. Ол голошо – орамал және кең, ұзын көйлек. 1928–1937 жылдары Ахыска түріктері репрессияға ұшырады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен-ақ барлық ер адамдар майданға (40 мыңнан астам, 26 мыңы соғыстан қайтпаған) жұмылдырылды. 1944 жылы қыста Ахыска түріктері Грузияның Ахалцих, Алиген, Адиген, Аспиндз, Ахалкалак және Богданов сияқты оңтүстік және оңтүстік батыс шекаралық аудандарынан Орта Азия мен Қазақстанға күштеп көшірілді. Барлығы 115,5 мың адам депортацияланды. Олар негізінен әйелдер, балалар және қарттар. Олардың 17 мыңы жолда қырылып кетті. Ахыска түріктері Қазақстан, Үзбекстан және Қырғызстанның әртүрлі облыстары мен жекелеген кенттеріне «ерекше жер аударылғандар» ретінде шоғырландырылды. Түрген селолық округінің түрік ұлттық-мәдени орталығы кеңесінің төрағасы Мәжіліс Әмзаев сол бір қиын кездерді былай деп есіне алады: «Соғыстан кейінгі жылдары туыстарды іздестіріп табу өте қиынға соқты. Ер адамдар өз отбасын іздеп, Кавказдан Қазақстан мен Үзбекстанға жаяу жетті. 1944 жылдан 1956 жылға дейін 12 жыл бойына жер аударылғандар комендатура тәртібінде өмір сүрді. Ол кезде бір ауылдан екіншісіне туыстарды іздеп шығуға да рұқсат етілмейтін». Басқа да халықтар сияқты Ахыска түріктерінің де өмірінде көп қиындықтар кездесті. Сол бір тар жол — тайғақ кешу жылдары, жоғалып кету, жан-жаққа ыдырап тарап кету, дәстүрлерін, салттарын, тілдерін, мәдениетін жоғалтып алу және халық ретінде құрып кетудің қаупі төнді. Бірақ біздің халық ешбір қажымастан қауымға сіңісе білді, өз тілінде сөйледі, дәстүрлері мен салттарын сақтады, ешқашанда өз тарихының ащы сабақтарын ұмытқан емес. Дегенмен де, көрген қуғыншылыққа қарамастан түріктер тірі қалып, мәдениетін, ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтап қала алды. Түріктердің тірі қалуына бірден бір септескен қазақ халқының жер аударылғандарды өте жылы қабылдауы еді. Аса бір қиын соғыстан кейінгі жылдары оларға қолдарынан келгеннің бәрін жасап, мүмкіндігінше көмек көрсетті. Оларға баспана беріп, бір үзім нанды бөліп жеді. 1956 жылы олардан арнаулы жүріп-тұру бойынша шектеу алынды, сөйтіп біразы Кавказға қайта оралды. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін де депортацияланған халықтардың көбі өздерінің тарихи отанына орала бастады. Ал түріктер қайта алмады. Туған жері Грузия шекарасы олар үшін жабық еді. Қоныс аударушыларды қабылдап жатқан Түркияға да кетулеріне болар еді, бірақ ол жер Ахыска түріктерінің туған жері емес. Сөйтіп, түріктерді еркін де тыныш өмір сүретін мекеніне — Қазақстан жеріне тарихтың өзі қоныстандырды. Түріктердің көбі Қазақстанда біржолата орнығып қалды. Ресми мәліметтер бойынша ҚР аумағында 84 000 түрік тұрады (01.01.2005 ж.), бірақ шындығында 150-200 мыңдай адам бар. Олардың нақты санын анықтау қиын, өйткені көптеген түріктердің төлқұжаттарында ұлты «әзірбайжан» болып көрсетілген. Оның бәрі тоталитарлық тәртіптің шектен шығуының салдарынан, көптеген түріктер төлқұжаттарында «бейтарап» ұлтты көрсетуге мәжбүр болғандығынан орын алды. Кейде оларды оған күштеп те мәжбүр етті. Қазірде бірінің ұлты түрік, екіншісі – «әзірбайжан» болған бірге туған екі азаматты кездестіруге болады. Тоталитарлық билік адамдардың өткенін, түп-тамырын ұмытуы үшін бәрін жасады. Бірақ түріктердің ынтымағының арқасында олар өз мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтай алды.
...