Тобыр болсаңыздар, қай тобыр түріне жатасыз?

+1 дауыс
3.1k қаралым
Тобыр – белгілі бір ортақ мүддемен уақытша топтасқан адамдар жиыны. Тобырдың әлеуметтік құрылымы қарапайым: көсемінен және өзгелерінен тұрады. Дегенмен, тобыр жекелеген тұлғалардың жай ғана жиынтығы да емес. Зерттеушілердің пікірінше Тобырға тән жалпы сипаттамалар:

1. Әсершілдік тобырдың ішіндегі адам одан басқа адамға қарағанда әлдеқайда әсершіл. Олар көпшіліктің пікірін, сезімін, әрекетін неғұрлым тез қабылдап, ортақтасады;
2. Анонимділік – жеке тұлға өзін көптің ішінде танылмайтындай сезінеді. Тобыр біртұтас топ ретінде әрекетке барып, оның жекелеген мүшелері өзін жеке тұлға деп санамайды;
3. Тұтқиылдық тобыр құрамындағы адамдар болжамсыз мінез-құлыққа, эмоцияға бейім, олар көптің ішіндегі өз әрекеттері жайлы ойланып, сарапқа салмайды;
4. Қамсыздық тобыр құрамындағы адам топпен біртұтас қимылдайтын танылмайтын көптің бірі болғандықтан өздерін әлеум. бақылаудан, жауапкершілік пен жазадан тыс сезінеді.
Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс
Мен өзімді тобырға қоспаймын, себебі әр нәрсеге өз көзқарасым бар
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы