Махаббат таусылмайтын әңгіме?

0 дауыс
2.4k қаралым
Сұлулық бетте емес жүректе... Былай қарасаң жай алдаусырату сияқты... Ешқандай жігіт мына қыздың жүрегі сұлу болған соң таңдадым деп айтпайды ғой... Жалпы адамдар бір-біріне қалай байланады?! Қарап отырсаң небір әдемі қыздарды да тастап кетіп жатады... Яғни адамды өзіңе әдемілікпен қаратасың, көркем мінезіңмен жақындатасың, қылығыңмен баурайсың... Көріксіз әйел жоқ, көркіне көңіл бөлмейтін әйел болады. Үнемі аяқ-қолы таза, шашы жинақы, жүзі жымиып, бойынан жұпар иіс аңқып тұратын әйел қашанда тартымды болып көрінеді емес пе?! Дегенмен, "сұлу жүзің бір күндік, сұлу мінез мың жылдық" деген де бар... Тек түрдің сұлулығы адамды жалықтырады. Жалығу шаршауға алып келеді, шаршау басқа жақтан қызық іздеуге алып келеді... Әйел адам қосағын жалықтырмаудан жалықпау керек... Сүйіктіңізге қылық көрсетуден, еркелеуден, қызықты әңгіме айтудан шаршамаңыз... Шаxанов айтады: "Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал маxаббат таусылмайтын әңгіме"... Ғашығыңызбен әңгіме таусыла бастаса қорқыңыз... әңгімелеріңіз қызықты болсын!
• Санаты: Махаббат

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы