Бұл да дәстүрдің бірі. Бұл адамға құрмет көрсетудің,сыйлаудың, ізеттіліктің белгісі. Жас түскен келін тек қайнылары мен қайынсіңлілеріне ғана ат қоймайды, қайнапа, қайнаға, абысындарының да атын атамайды. Мәселен, бәріне бірдей "аға", "апа" дей бермеу үшін, түріне, мінезіне қарап, «мырза қайнаға», «бай атам», «шебер жеңге", "ісмер апа", "тігінші апа", "мұғалім аға" деп атайды.
Мәселен, өзіме жеңгелерім "Әдемі", "Сымбат" деген аттар қойды. Шешеме жеңгесі "күлімкөз" дейтін. Ал, әжемді өз жеңгесі "сұлу қыз" деп атады. Біз көргенде әжем 50-лерден асқан адам еді. Ал, жеңгесі 60-тардан кеткен. Бірақ өле-өлгенше "сұлу қыз" деп атап кетті. Бұл адамдар арасындағы сыйластықты көрсетеді.