0 дауыс
408 көрілді
Менің жасым 26-да. Өткен өмірімді саралап айтқаннан еш нәрсе өзгермейді деп ойлаймын. Жұмысым бар, анам аман есен және амандығын жатсм да тұрсамда тілеймін, Аллаға шүкір. Бауырларым аман есен оған да шүкір. Тек ішкі дүнием .....

Бір ер азаматпен бірге тұрамын. Неке жоқ. Оның бауырларымен араласып тұрамын (тек жиындарда), сырға салып қойайық дейді, оған анама шет жағасын айтып едім, қарсы. Жігіт жұмыссыз, машинасы бар, таксист, үйі бар. Ата-анасы жоқ. Адамгершілігі бар, тек қызба мінезді, жаман қасиеті - ақшаға өте құмар. Кейде менің жолыма ақша бергенде 10 түрлі болып өзгереді. Менің айлығым кредитке және басқа ұсақ түйекке жетеді. Кейде тамақты өзім жұмыстан сатып алып ішем, ал егер онымен бірге тамақтануғ барсақ, ақша шығарғысы келмейді. Айта берсем ырың - жырыңы көп. Айтқандай, біз 1,2 ай тату - тәтті жүрсек 1 ай немесе 2 апта сойлеспейміз. Ол ренжісе, менің қатемді бетіме басып айтпайды, тек телефонын көтермейді, болды...

Маған бұндай ара-қытынас ұнамайды бәрі бітті десем де, өзі келіп алады, түк болмағандай әңгімесін айтып, сөйлеп кетеді. Мен де ақымақпын ғой, сонымен еріп кетем.

Мен оны сүйемін ба? Білмеймін .... тек бауыр басып қалған шығармын. Басында бәрі жақсы болып көрініп еді. Біз ашық отырып сөйлесе де алмамыз.

Маған ақыл айтыңыздаршы, осындай ақымақтығымнан қалай құтыламын. Кейде қорқамын, өстіп жүріп адасып кетемін ба деп.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Неке қиылуы міндетті. Оның маңызын түсетін шығарсыз, діни тұрғыдан. Екіншіден некесіз адам жауапкершілікті сезіне алмайды. Ортақ мүдде де болмайды. Мысалы, бір мәселеңіз туындаса, өзі шешсін деген эгоизм ол адамда басым тұрады. Егер мынау менің әйелім деген ой тұрса, мәселені де ортақ көре бастайды. Сонда сізде де оған деген жақсы көру сезімдері күшейе бастайды. Ал егер көңіліңіз мүүүлдем онымен қосылуды қалама, ара қатынасыңызды үзгеніңіз абзал.
...