Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі. Үміт еткен көзімнің нұры балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен –аман Сүйініп сәлем жазды бүгін саған... деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді. 19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады. Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей –ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық,- деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді. Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі. Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп: Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды. «Өнер –жігіт көркі», -деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды....- деп жастарға зор үміт артты. Өнер –білім бар жұрттар Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді, Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді. Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді. Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай, Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар - Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,- Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы басұалардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады.
Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Өзі де қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.
Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
Алтынсарин - әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудармашы және публицист. Әдебиет саласандағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды. «Оренбургский листок» газетінде берілген некрологта оның орыс достары «Ыбырай Алтынсарин өазаө арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты және Россияны сүюге шақырды» - деп жазды. Бұл Алтынсариннің еңбегіне берілген зор баға. Бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.