0 дауыс
895 көрілді
ҚАЗКОМ банкі туралы көп қазақша мәліметті қайдан табамын?

Казакша малимет азгандай гана таптым маган коп малемет керек

Комектесиниздершы

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраған.[1]

Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақы мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары да бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді. Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.

Қазкоммерцбанк 1990 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Медеу Банкі «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алады. 1994 жылғы сәуірде Банк «Астана Холдинг»коммерциялық банкімен біріккен. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орналасады. 1995 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.

2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.

2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19,5% құрады.

Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.

Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.

2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).

Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде ( «Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.

Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.

Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2008 жылы шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.[2]

Қазіргі жағдайы[өңдеу]

«Қазкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. 2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраған. Ал осы көлемнің 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге клиенттердің алған қарызы. 2010 жылы банк басты компанияның акционерлеріне тиесілі 21,9 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алған. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 413,7 млрд. теңгені құрайды. Шоғырландырылған есеп-қисаптың негізінде есептелген капитал адекваттығының коэффициенті 2010 жылғы 31 желтоқсанда 20,1 %, ал бірінші дәрежелі капитал адекваттығының коэффициенті 16,2% құраған (2009 жылғы 31 желтоқсанда - 15,9%).

Қаражат[өңдеу]

Қаражат тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506,8 млрд. теңгеге жеткен. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.

Депозиттер тартумен қатар банк теңге және шетел валютасындағы қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады. 2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді). Сондай-ақ Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Банктің қолданыста 1 миллион 66 мың картасы бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., MasterCard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. Сонымен қатар Банк магниттік лента мен чипті алмастыратын смарт-карталарға көшкен Қазақстандағы бірінші банк және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк.

Қызметі[өңдеу]

Банктің банкоматтар желісі бар. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес олардың саны - 1 208, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны – 209. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 210 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 11 300 POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 5 мың данасы Бонустық бағдарламаның әріптестерінде орналасқан. Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2011 жылғы наурызда жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттердің саны 300 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтерді ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

«Қазкоммерцбанк» АҚ стратегиясы[өңдеу]

Қоржын сапасы

Дағдарыс ықпалын төмендетіп, Банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған стратегияның басым бағыты - қазіргі клиенттер базасымен жұмыс істеп, актив сапасының дәрежесін бүгінгі күнге сай қамтамасыз ету. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, Банк проблемалы клиенттермен жұмыс істеуді күшейтпек. Сондай-ақ әрбір клиентпен жеке жұмыс істеп, кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында клиенттердің бизнесін сауықтыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады.

Өтімділікті басқару

Банк ішкі нарықтағы қорды тарту бойынша жұмысты күшейтпек: банктің негізгі мақсаты – корпоративті депозиттік базаны ұстап қалу, сондай-ақ бөлшек депозиттер бойынша нарықтағы үлесті ұстап тұру. 2010 жылы банктің еурооблигациялар немесе синдикатталған займдар бойынша төлемдері жоқ.

Шығысты бақылау

Маңызды тұрақтандыру факторының бірі ретінде шығысты төмен дәрежеде сақтап қалу банктің негізгі мақсаты болып табылады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Қазкоммерцбанк салыстырмалы банктердің ішіндегі ең тиімді банк болып шыққан. Тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу 2007 жылы экономиканы тұрақтандыру бойынша іске қосылған алғашқы бағдарламалардан кейін Банк сондай бағдарламаларға қатысу өз стратегиясының маңызды бөлігі деп есептейді. Банк үлескерлерге, корпоративті клиенттерге, ШОБ субъектілеріне, ипотека алған қарызгерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысып келеді.
...