+1 дауыс
30.0k көрілді
Ассалаумағалайкум! Мен жасым 25 те үйленгелі 6 жыл болды. Екі балам бар. Үлкені 5 тен асты, кішісі 3 жастан асты. Әйелым екеуміз отаса алмай келеміз, ұзақ уақыттан бергі дау соңында ажырасам деп шештім. Сіздерден сұрарым екі баламды өзіме алып қала алам ба? Және жұбайым әке - шешесі қытай азаматы, ол казақстан азаматы, сонымен қатар басында кредит бар әлі 2 жыл өтейді. Балаларымды баға алмайды. Сол үшін өзіме алып қалу үшін не ыстеуым керек?
кредитті өздеріңнің отбасыларыңа алған жоқ па?  Алғанда жақсы, өтегенде дау болып жатыр ма? Саған ешқашан екі балаңды қай заңға сүйенсең де бермейді, әуре болма. Одан да жабылып жұмыс істеп кредитіңді төлесең, ұрыс болмайды. Ұрыстың бәрі ақшадан шығады ғой. Басында қазақ қызын алмайсың ба? Енді 2 балаға жақсы тәрбие беру үшін бәріне шыдауың керек. Бәрі жақсы болады.

19 жауап

+1 дауыс
"ұзақ уақыттан бергі дау соңында ажырасам деп шештім"- ажырасып басқа әтірленген әрленген қыз алмақсың ғой! Әйеліңді жаман атты қылған еркек түрің құрысын! Балаларды жарты жетім қылуға құқың жоқ! Тағдыры ойыншық емес ойыңа келгенін жасайтын!  Таяз ойлы болсаң обал-ақ, дүниеде басқа қаншама Алла берген сынақ бар, шайтанның арбауына ермей шүкіршілік ету керек! Ақылды азамат болсаң, шаңырағыңды түзе! 1 перзентке зәру қаншама жан бар, ауру ертең өлетінін білетін қаншама адам бар, шүкір деп сабаңа кел! Ертең осы істегенің алдыңнан шығады!
Косыламын. Дурыс айтасыз.
0 дауыс
Дұрыс емес!!! Балаларды аяймын,толыққанды отбасы болу деген соншалықты қиын болып кеткен бе?
0 дауыс
Екі бала үшін жанұяны барынша сақтап қалу керек. Бұндай сынақ адамзаттың бәрінде бар. Ажырассаңда басқа проблемаң болады оныда жеңе білуің керек. Ажырассаң проблема бітті деп ойлама.Әлі ажыраспасаңдар ақылға келіңдер. Бала жетім, әйел жесір болмай тұрғанда.
0 дауыс
Улейкумсалам бауырым, жалпы ортак 2 баланыз болса ажыраспаганын дурыс деп ойлаймын. Жолдасынызбен татуласып 2 баланызды бирге осирген жондеп ойлаймын, балага 2 жактында камкорлыгы оте кажет, ажырасып балдарынды озине немесе жолдасына берсен ертенги куни психологиясы бузылады соны умытпаганын жон
0 дауыс
Балаларың заң жүзінде әйеліңде қалады. Ал сен сол екі балаға алимент төлейсің. Ең дұрысы жанұяңды сақтай біл. Қандай қиыншылық болсада.
0 дауыс
Саламатсыз ба, Заң жүзінде ажыраспай ақ сол уақытта бөлек тұрып көріңіздер, Ажырасып ешкім мәз болмайды және әбүйір таппайды. Балаларға обал болады. Заң, егер анасы алқаш не норкаман болса, ішімдікке салынған болса ғана айыруы мүмкін. Бірақ бір сәтте емес, түзелуге, дұрыс жолға түсуіне уақыт береді. 2-3 ай. Заң бойынша бала 16-18 жасқа толғанша анасының тәрбиесінде болады. Жас өспірім емессіздер, бәрін ақылға салып шешуге болады. Уақыт емші. Мүмкін әлі де бәрі дұрысталар...
0 дауыс
Не ол кредит деген? Қалғаны не бәрі 2-жыл. Ал екі балаңды асырау, ақыл айту, қамқоршы болу өлгенге дейін. Үйленер алдында не ойладың? Шалқып өмір сүремін деп ойладың ба? осы сұрақтарға ойлан. Егер ол екінші әйел аламын немесе көзіңе шөп салып жатса онда ойлан ажырасамын ба деп.... Сенің бұл проблемаң уақытша.
0 дауыс
Реті келсе ажыраспағаның абзал. Дау дамайдың да шешімін табуға болатын шығар.
Сиз уже ажырасам деп шешип койыпсыз,недеймиз балдарга обал,айелиниздин багуга шамасы келмесе балдарынызды шын жаксы корсениз оларды багуына акшалай алимент толеп комектесиниз,сиздин кукыгыныз жок балдарды анасынан ажыратуга, мейли барин акшага сатып алып барине жауап берерсиз,бирак Алланын алдында ештенени сатып ала алмаймыз,ажырастынба еркек сиякты колынмен истегенди мойнынмен котер,еркектер бала жасамас бурын ойланып жасасандар бала деген кукла емеской,ала салам бере салам дейтин.Балдарыныздын психалогиясын куртпаныз отиниш,елимизде онсызда жетимдер кобейп кетти.
0 дауыс
Жадынызда устаныз! Алла тагала ажыраскандарды каламайды. Кандай жагдай болмасын барынызды салып отбасынызды сактап калуга тырысыныз.
0 дауыс
Уағалейкумассаләм Ерлан Бауырым! Басқа әйел алғанда бәрі жақсы болады деп ойлайсыз ба? Кемшіліксіз отбасы жоқ! Иә, жағдайыңыз онай емес бірақ бұл Алланын сынағы екенін ұмытпаңыз, ол сынақтан сүрінбей өткеніңіз дұрыс болады. Сахабалардын әйелдері, балалары тындамаса, аты қырсығып жүрмесе қателікті өздерінен көретін. Әй менен бір қателік кетті ау деп.
Шайтаннын ен басты мақсаттарынын бірі мұсылман отбасын бұзу. Ажырассаңыз сіздің шайтаныңыз үлкен женіске жетеді, ал сіз Алланын ашуына ұшырайсыз. Үйткені Аллаһ Тағала ажырасуды жеккөреді. Асығыстық жасамаңыз, кейін өкінесіз.
Ажыраспа ақымақ болма,ажырасып екі балаңды алып кейін басқа әйелге немесе қызға үйленіп осы екі балаңды қарайды деп ойлайсың ба? ұрыстың көкесін сонда көресің,өз анасына жетпейдіғой өзің ақылмен ойлансай,Ұрыс керіс барлық жанұяда болады,балдарыңа обалғой, балдарың өскенде бәрі басылады,ажырасып кейін өкініп қалма бармағыңды тістеп,балдарың үшін өмірмен күресу керек ақымақ болма
0 дауыс
еркек басымен калай солай жазып отырсын! балларды анасыз калдыргалы жатырсын ба? арине саган бермейды балларды! Зан бойынша баллары анасында калады! Дау болса да не де болса да бырге турыуын керек емес па балларын ушин! онда не ойладын катын алар кезде? боска дау шыкпайды гой! осы жастады тусинбеймын неге быр дауласып калса ажырасам деп шешеды? балларды неге ойламайсындар! баллары жок болса жарайды! уже баллары психологический балларына асер етпейды деп ойлайсындар ма? натурайльный тири жетим болады!!!
0 дауыс
Сырттан ақыл айтқан оңай әрине. Бірақ ажыраспас бұрын бөлек тұрып көрген дұрыс шығар.
0 дауыс
Дәрежесі төмен ер азамат, әйелін елге жамандайды. Ал әйел шынында да жаман болса, балалар анасымен тұрса да, әкесі жоқ екенін сезінбеу керек- деп ойлаймын. Бар бала бақытты болуға лайықты
мен осыдан 25 жыл бурын күйеуімнен ажырастым балам үшін көндім ұрғанына,бірақ нақақтан жала жауғанына шыдамадым содан кеттім баламды алып,бірақ қазір өкінбеймін баламды тәрбиелеп оқыттым қайтадан күйеуге шықпадым баламның өзінің   кәсібі бар,арақ ішпейді,темекі тартпайды жақсы азамат болып өсті.
0 дауыс
осы еркектерді қызық бастарына кішкене қиыншылық туссе болды ажырасамыз дейді, ал озің балаларың не дейді соны сұрадынба?
0 дауыс
Балаларды ол дұрыс баға алмаса өзіңізге заң жүзінде алып алуыңызға болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...