+2 дауыс
3.3k көрілді

Əзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар" романындағы "еңбекші əйел" образына тоқталмақпын. Қашаннан "адамды адам еткен еңбек" деген ұғым қалыптасқан емеспе, ал Ə.Нұршайықов еңбек, əсіресе "еңбекші əйел" образына қатты көңіл бөлген. "Меніңше, əйелге керек үш қасиет бар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет бар əйелді төрт құбыласы түгел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады." Осы сөздер маған ой салды. Ақылмен еңбектенген адам ғана жетістікке жетердей. Осы сәтте Əзілхан Нұршайықов атамыздың қыздарға арналған мынабір кеңестерімен бөліспекпін:

Қыздар!

1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.
…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады. Бұл кітап оқи отырып махаббаттың құдіретін сезініп қана қоймай, тəлім-тəрбиелік сөздерге бай келген, автордың жазушылық шеберлігіне сөз жетпейтін керемет екендігін түйдім. Баршаңызға оқуға кеңес беремін.

Махаббат, қызық мол жылдар

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...