0 дауыс
27.5k көрілді
Тәуелді елдің иті де төмен қарап үреді.

*

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

*

Отан - оттан да ыстық.

*

Туған жердің түтіні ыстық,

Туған елдің күтімі ыстық.

*

Егемен елдің еңсесі биік.

*

Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.

*

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман.

*

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік.

*

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

*

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды,

Тәуелдінің ырысы жарымайды.

*

Егеменді ел көрікті,
Бетегелі бел көрікті.

*

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

*

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

1 жауап

0 дауыс
Азат елдің асеаны ашық
...