0 дауыс
24.7k көрілді
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала аш баланы ойламайды.

*

Бай "алам" дейді,

Кедей "қатын-балам" дейді.

*

Бай жаңа атқа мінсе, "Қайырлы болсын!" дейді

Кедей жаңа атқа мінсе, "Қайдан алдың?" дейді.

*

Бай байлығын Құдайдан көрсе,

Кедей кедейлігін байдан көреді.

*

Бай баласы- балпаң,

Жарлы баласы - жалтаң.

*

Бай барын бермес,

Кедей қарап тұрмас.

*

Бай баю үшін тырысады,

Кедей кедейіне болысады.

*

Бай бергенін айтар,

Жарлы жегенін айтар.

*

Бай болмасаң болма,

Білім-өнерге сай бол.

*

Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа,

Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа.

Бай білгенді құл біледі,

Айтайын десе еркі жоқ.

*

Бай да мінер бір атқа,

Кедей де мінер бір атқа.

Сабыр түбі - сары алтын,

Сабырлы жетер мұратқа.

*

Бай еңбегін кедейдің жанынан артық дейді,

Кедей еңбегін ханның тағынан артық дейді.

*

Бай қанша кедейленсе де, талтаңдауын қоймайды.

Кедей қанша байыса да, жалтаңдауын қоймайды.

*

Бай қолында қалтырағанша,

Кедей қолында жалтыра.

*

Бай мақпалын киеді,

Кедей тапқанын киеді.

*

Бай мақтанса табылар,

Кедей мақтанса шабылар.

*

Бай малын мақтайды,

Азамат арын сақтайды.
бәрін жазыпсың біз не жазмыз енді Ереке?

1 жауап

0 дауыс
Кедей бай болсам дейді,бай Құдай болсам дейді
...