0 дауыс
744 көрілді
Темекіні тартқанда уайымым азайады, ашуланбаймын, тыныштандыратын дәрілер де әсер етпейді. білмеймін не стейтінімді ......

1 жауап

0 дауыс
Мен 25 жылдан аса темекі шектім, міне қазір 3 жыл болды қойғаныма, Алланың қалауымен, Әльһамдулляһ. 2014 жылы қаңтар айының 15-інде, қызылорда астана поезымен, астанаға кетіп бара жатқанмын. Намаз оқитын уақыт таянған соң жолсеріктен сұранып, соның жұмыс купесінде отырып намаз оқыдым. Оқып болып отырғаным сол еді, жаңағы жолсерік келіп, бауырым, бақытты екенсің намаз оқисың, меніңде оқығым келеді дегені бар ма. Мен оған : - ия бауырым намаз оқимын, тек мені мазалайтын бір нәрсе бар, өзім сол үшін қатты уайымдаймын, намаз оқысам да темекі шегемін, қоя алмай жүрмін, міне 25 жылдан аса уақыт өтті дедім. Сонда жаңағы бауырым: - ей, мен кезінде темекі де шектім, насыбай да аттым тоқтамай бірінің артынан бірін деді. Ия, қалай қойдың деген сұрағыма, - мен жатарда құдайдан сұрап жататынмын, ия Жаратушы Алла , темекіні қоюға, насыбайды қоюға дәрменсізбін, маған осы бәлекеттен құтылуға көмектес деп шынайы әлсіздігімді мойындап жатарда дұға етіп жататынмын демесі бар маі. Сол сәтте менің үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей селт ете қалдым. Себебі Құран Кәрімде, хадистерде естіп  жүрген, Алла Тағаланың,  керегіңді менен сұра, беруші Менмін дегені есіме түсе кетті. Содан несін айтайын, бір апта бойы жаңағы өзім үшін жаңалық болған сөз ойымнан кетпей қойды. 22 қаңтар күні,  тура бір апта өткен соң түскі намазға Нұр астана мешітіне жол тарттым, әлі әдеттегідей темекі шегем, қалтамнан қорапты ашып қалсам ішінде 1 тал темекі қалыпты. Сол сәтте соңғы темекімді шеккен шекпегенімді дәл айта алмаймын, тек сонда, мешітке жеткенше және намазда сәждеде көп дұға еттім.  Міне 3 жыл болды ешқандай қосыша стимуляторларсыз еш нәрсенің көмегінсіз, бір Аллаға дұға ету арқылы қойып кеттім. Темекіні қоя алмай жүрген бауырларыма айтарым: - бауырлар, Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп, артынан, осы кесапаттатан құтылуды шынайы сұрасаңдар, Алланың көмегі жақын.

Ps: жалпы мен оның алдында 2 жыл қойып көргенмін, тек ол кезде, сағыз дей ма, конфет дей ма, әйтеуер аузым бос болмайтын, және тыныштық болмайтын санамда.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...