Андыз - деген не? .

+2 дауыс
6.2k қаралым
Андыз - деген не? Оның құнарлығы, пайдасы немесе зияны...
• Санаты: Тазалық

2 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап
Андыз(Іnula) [1] – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.
Емдік ролы
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.
Жинау
Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады.
Сілтеме http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%B7
0 дауыс
Жауап дұрыс емес. Андыз - Acorus cálamus

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
7.01.2013 • Санаты: Тазалық Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы