ҮНДІ АРУЛАРЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚҰПИЯСЫ
Үнді қыздарының сұлулығын мойындамайтын жан жоқ шығар, сірә. Олардың сұлулық құпиясын білгісі келетіндер де аз емес. Бүгін біз үнді қыздарының бет күту тәсілдері жайлы айтпақпыз.
Үнді қыздары беттерін жуарда сабынды көпіршітіп алып, оған бір шым-шым құмшекер қосып, беттерін біраз сипалап тұрады екен. Содан кейін жылы сумен жүздерін шаяды. Сонда жүздері бал-бұл жанып, әрі беттерінде безеу болмайтын көрінеді.
Бір жарым ас қасық құмшекерге жарты ас қасық су қосып, жай отқа қою керек. Қоспа қатая бастағанда оттан алып, көпіршіп араласқан жұмыртқаның сарысын қосады. Бір минутқа тағы да отқа қойып алып, бір шай қасық лимон шырынын қосу қажет. Бұл қоспамен үнді қыздары беттерін тазартатын көрінеді. Әсіресе бұл құрғақ бетке таптырмас тазартқыш бола алады.
Сондай-ақ, үнді қыздары көкөніс қайнаған суды біз секілді төгіп тастамайды екен. Әсіресе орамжапырақ, бұршақ, шпинат қайнаған суды міндетті түрде бет жууға пайдаланады. Өйткені, бұл суларда дәрумендер аса көп. Тағы бір айта кететін жайт, бұл суларды көп сақтамай, дереу пайдаланған жөн. Ұзақ тұрып қалса құрамындағы дәрумендер жойылып, бет үшін ем пайдасы болмай қалады.
Ал үндінің кей бойжеткендері тәндері тегіс, аппақ, титтей де дақтың болмауы үшін сыра мен шараптың көбігіне шомылатын көрінеді.
Ақпарат мына жерден алынды: http://alash.ucoz.org