Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлу
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде (қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.
Кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады.
Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.
Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
Қосжақтаулы ұлулар класы
Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.
Каракатица
Басаяқты ұлулар класы
Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.
Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.
Сегізаяқ
Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді.
Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.
Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.
2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы
5. Көпқылтанды буылтық құрт
6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
7. Шұбалшаңның қанның түсі
Жауаптары.
1. Сүлік
2. Гирудин
3. Шұбалшаң
4. Гермафродит
5. Құмқазар
6. Нереида
7. қызыл
ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.
Ұлулар типі
↓
Бауыраяқтылар
Қосжақтаулылар
Басаяқтылар
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.
• Бауыраяқты ұлулар класы.
Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.
• Қосжақтаулы ұлулар класы.
Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.
• Басаяқты ұлулар класы.
Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді.
4 – сегізаяқ, 5 – кальмар, 6 – каракатица
ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.
Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар
Ұлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр
1. Жүзімұлу
2. Айқұлақ
3. Кальмар
Жұмбақ шешу
Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Ойланып көр балалар,
Шешуін оның табыңдар.
(Ұлу)
Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады.
(Айқұлақ)
Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)