0 дауыс
1.8k көрілді

Роза Әлқожа Өзбекстан мемлекеті Амангелді ауылында дүние есігін ашқан. Тілі шыққан кезінен ән салып, 6 жасында домбырада ойнаған Роза бала күнінен әнші болуды армандаған. Алайда ата-анасының кеңесімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, журналист мамандығын алып шығады. 8-сыныптан бастап өлеңдерге ән жаза бастаған дарынды жас университет қабырғасында оқып жүріп түрлі мереке, әс-шара, байқауларға қатысып, өзінің әншілік, композиторлық қырын танытады. 2002 жылы бітірген университеттегі білімін тәмамдаған соң Нұртөре Жүсіптің шақыртуымен "Ақ жол - Қазақстан" қоғамдық-саяси газетінің өнер бөлімінде қызмет атқарады. Өнермен етене байланыста қызмет ете жүріп, осы арнаға бет бұруға шешім қабылдайды.

Әншінің алғашқы альбомы "Мен сыйға тартқан орамал" деген атпен 2008 жылы жарық көрген. Орындауындағы әндердің бірқатарының әнін өзі жазатын Розаның "Мен сыйға тартқан орамал", "Жылатқаның неткенің", "Қара күз", "Мына өмір ғажап қандай" әндерін халық жылы қабылдап, елінің сүйіспеншілігіне бөленді. Оған қоса композитор Ажар Түзелбекқызының  орындауындағы  "Сағындым сені",  "Бақыттымын", Баян Нұрмышеваның орындауындағы "Жібектің елі", Еркін Нұржановтың орындауындағы "Қаңтарда жауған жаңбыр",   Ақбота Керімбекованың орындауындағы "Орындалмас тілегім", Ләззат Жоламанованың орындауындағы "Сағынғаным болмаса" сынды әндерді жазған. 

Роза Әлқожа журналист Айдын Қабаға тұрмысқа шыққан. Бүгінгі күні өнегелі отбасы 5 бала тәрбиелеп отыр.

Роза Әлқожаның өмірбаяны бар ма?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...