Елін сүйген елбасы тақырыбына шығарма бар ма?

0 дауыс
40.5k қаралым

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)

• Санаты: Қазақ тілі

2 жауап

0 дауыс

Елін сүйген елбасы

Тәуелсіздігіміз енді ғана қолымызға тиіс, әрі қарай жүрер жолымызды, барар бағытымызды айқындап ала бастаған шағымызда-ақ Президент елдің берекесі мен қуатының бастауы - ел ішіндегі тыныштық, біртұтастық деген еді. Біз соңғы жылдары беттерін аршып, ашып, ақтара бастаған тарихымызды қауіпті де қатерлі сәттер, кезеңдер аз болмаған. Екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы секілді ұзақ қырғын әр халықтың тарихында бола бермеген. Сол соғысты ақыры жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп құтқарып қалған күш - қазақтардың өз ауызбірлігі, өз ішіндегі ынтымақтастығы мен тұтастығы еді. 

Бейбіт заман болса да қиыншылықтары аз болмай тұрған мына уақытта осы қазақтардың тұтастығын, өз ішіндегі туыстығын сақтау - қастерлі бір дәстүр. Сондай қиямет-қайым жылдарда бірде Ордабасыға, бірде Ұлытауға жиналып үш жүз билері мен батырлары бас қосқанда келген бәтуа, берген бата бірлікті сақтау, бірлесіп қимылдау еді. Сондау келісімдерден кейін 1721 жылы Бұланты бойындағы, 1729 жылы Аңырақай аумағындағы қалмақтарды қырған айқас-соғыстар ылғи жеңіспен аяқталып отырған. Қиын сәттерде Президент осы тарих тағылымдарын еске алады, еске салады. Және сол дәстүрді ұстап келе жатыр. Бұл - өте нәзік нәрсе.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың күнделікті қиындық-қарбаластар арасынан ел тағдыры, мемлекет болашағы үшін аса маңызды, ерекше орны бар мәселе - проблемаларды үнемі есінде ұстап, көзден таса қалдырмай отырғаны ұнайды. Ғылымды бағалаған ғалымды қадірлейді. Президенттік сыйлықтардың қалам қайраткерлеріне берілетіндігі де оның терең ойлы, салиқалы шығарма-туындыларды бағалайтынын білдіреді. Өнердің ішінде музыкаға ерекше мән беріп, көңіл аударып отырады.

Ендігі біздің дербес елдің де, Елбасының да нысана-межесі - экономика деңгейі. Иә, бүгінгі екі ғасыр аралығында тұрған сәтте өткенді талдап, саралап, болашаққа сөз саламыз. Нұрсұлтан назарбаевтың бірнеше кітаптарының атынла "ғасыр" деген сөздің болуы, жолдау-бағдарламасының "2030" деп аталуы Елбасының болашаққа көз тігетінін, елі үшін үлкен жақсылық күтетінін білдіреді. Сол үміт, сол арман - әрқайсымыздың да арманымыз. Өміріміздің мәңгі заңы - үнемі үздіксіз өзгеру, жаңару, жақсару, дүние тегершігі алға қарай айналады, көлеңкеден сәулеге, аласадан биікке ұмтылады.

Бүгінде Қазақстан дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын болашақты, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын-сауық кешендері бар, инфрақұрылымы дамыған тамаша қала. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда. Сонымен қатар елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірлерінің дамуына жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру - үлкен бақыт, қуаныш.

Елбасымыз әманда ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен жүрегінде жатқан халқына деген зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген елбасымыз аман болсын!

0 дауыс

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)

Осыдан жиырма жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.
Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.

Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.

Міне, сондай қиын - қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Үстемдігін жүргізгісі келіп айқасқандарға Елбасы емеурінмен:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес,- деген аталы сөзді айтқан.
Сөйтіп жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіпті.
Омырауы уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Баянды етсем деп мәңгісін
Қолымды созсам бірлікпен
Қолдайтын халқым бармысың?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,814 сұрақ
322,425 жауап
153,155 пікір
72,914 қолданушы