0 дауыс
282 көрілді

"Аңыздық дегенімізді қалай түсінесіз?" Осы сұрақтың жауабы?

1 жауап

0 дауыс

Аңыздық дақыл деген болады. Ол— жазда және күзде негізгі дақылды жинап ала салысымен орнына сол жылы егіліп, өнім беретін дақыл. Ол қосымша өнім алу және топырақ құнарлылығын арттыру мақсатына сай егіледі. Ең тиімді А. д-дар қатарына жүгері, судан шөбі және жаздық рапс жатады. Оларды негізгі дақыл ретінде ерте жинап алынатын күздік бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ сияқты дақылдар аңызына егеді. Сондай-ақ А. д-дар есебінде тары, қарақұмық, күнбағыс, асбұршақ пен сиыржоңышқа да егіледі. А. д-дарды себерде аудандастырылған сорттардың өнгіштігі ескеріледі және өсу қарқыны жоғары тұқымдары пайдаланылады. Топырақ дайындау мен себу жұмыстарының барынша қысқа мерзімде жүргізілуі қажет етіледі. Қазақстанда А. д-ды өсіруге Алматы, Жамбыл, Оңт. Қазақстан және Қызылорда облысының табиғаты аса қолайлы.

...