0 дауыс
22.5k көрілді

Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашу үшін қайда бару керек? Жане қанша ақша кетеді, қандай құжаттар керек?

5 жауап

0 дауыс

Салық басқармасына барып аштырасыз , жәнеде осы туралы көбірек мәлімет алғыңыз келсе Атамекен Кәсіпкерлер палатасының филиалы (Қазақстанның барлық қалаларында бар) кеңесшілерінен толыққанды ақпарат алуыңызға болады.

0 дауыс
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ҚАЙ ЖЕРДЕ ИП АШУ ҮШІН
0 дауыс

Жеке кәсіпкерлікті қалай ашамын?

Жеке кәсіпкерлікті халыққа қызмет ету орталығынан немесе үйіңізде отырып-ақ egov.kz порталынан, сондай-ақ elisence.kz сайты арқылы аша аласыз.

  • Тіркелу үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болса жеткілікті. 

Құжаттар тапсырылғаннан кейін, салық басқармасынан жеке кәсіпкерлікті растайтын талон мен хабарлама беріледі. Сонымен, сіз жеке кәсіпкерліктің иесі болып шыға келесіз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз не? Қалай ашуға болады?

ЖШС - бір немесе бірнеше құрылтайшысы бар заңды тұлға (фирма, ұйым, т.б.). ЖШС ашу үшін сізде жарғылық капитал болу керек. Жарғылық капитал дегеніміз - құрылатын кәсіпорынның активтеріне құрылтайшылар салған бастапқы сома.

ЖК ашқандай, ЖШС-ны ашу үшін төлқұжатыңыз болса, жеткілікті. Халыққа қызмет ету орталығынан немесе үйіңізде отырып-ақ egov.kz порталынан, сондай-ақ elisence.kz сайты арқылы ашуға болады. 

Заңға сәйкес, ЖШС-ның фирмалық атауы, серіктестің атауы, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» немесе «ЖШС» аббревиатурасы бар болуы қажет.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Жеке кәсіпкерлердің қызметіне жүгіну керек, мен осы бағытта жұмыс жасаймын, сұрақ болса хабарлассаңыз болады
0 дауыс
• Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі

Фамилия атыныз
Кай мектеп
Клас

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп. Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі - тәрбиеші мамандығы. Тәрбиеші мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлғ

Тәрбиеші сөздің дұрыс айтылуына интонация арқылы адамның түрлі сезімдерін білдіруге жаттыққан болуы керек. Мәселен, қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты білдіру үшін, сөйлеу қарқынының, дауыстың күшінің, дауыстың көтеріңкілігі мен төмендегінің қандай дәрежеде болатынын білумен бірге өз сөйлеуінде қолданып, балаларға үлгі көрсетуі керек.

Жас тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмек Жас тәрбиешінің алғашқы жұмыс күндері өзіне қиын тиері сөзсіз. Балалардың жаңадан келген тәрбиешіге деген алғашқы көзқарастары көп нәрседен хабардар етеді. Өз осалдығын, шешімсіздігін алғашқы келген сәттен-ақ балалар алдында көрсетіп алса, онда балалар бұл сәтті тез ұстап алады, кейін балаларды басқарып, ұйымдастыру жеңілге соқпайды. Бұндай тәрбиеші туралы «топты басқара алмайды» -деген пікір қалыптасады. Бұл жағдайда жас маман өз сәтсіздігіне қатты қынжылып, осы мен мамандық таңдауда қателескен жоқпын ба? Деген ойда қалуы мүмкін.Жас тәрбиешінің алғашқы жұмыс күндері өзіне қиын тиері сөзсіз.

Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден өтуі керек.Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына-балаларға ақыл, мейірім, мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.Л.Н.Толстой айтқандай: «Сүю - деген бұл кімді сүйсең, соның өмірімен сүру». Осы сөздердің астарында не үшін балаларға баратыным түсіндіріледі.Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.Мен үлкен әріпті педагогтар бар екеніне тағзым етемін, шеберлікті ғана көрсетпейді, сонымен қатар адами құндылықтар да өте маңызды

• Кез-келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарды ұрпақтарымыздың бойына сіңіріп, оларды ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керекЖаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай  алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы  психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын  маман.

• Педагогтік оптимизмтуралы болғанда,психолог Владимир  Левидің өзіне-өзі гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып (таңертең сенімді,әрі әсерлі дауыспен:"Мен жұмысымды сүйемін!","Бәрі де жақсы болады!"т.б.), өзін-өзі сендіру тәсілін игеру қажет.Бұл педагогтік оптимизмді қалыптастырады. Педагогтік оптимизм үшін тәрбиешінің денсаулығы, күн тәртібі жүйелі түрде сақталуы қажет.Тәрбиеші киімінің эстетикалық талғамға сай,сәнді,жасына лайықты,жұмыс істеуіне ыңғайлы,тігілуі де көтеріңкі көңіл-күй тудырады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға-тәрбиеші. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны тәрбиеші қандай болуы керек дегенді ой елегінен өткізіп көрейікші?!

Біріншіден, тәрбиеші адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
Екіншіден, тәрбиешінің ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттерге анық тұжырымды , дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, тәрбиеші өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Қазіргі уақытта тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Бірақ, жақсы ұстазды балалар да , ата-аналар да тани біледі.Соның бір дәлелі интернат тәрбиешісінің атқаратын қызметін айтқым келіп отыр. Ол жерде балалар тәрбиесі мен оқу сапасы, ата-аналармен тығыз байланыс баса назарда. Интернат оқушыларымен жиі түрлі шараларұйымдастырылып, ата-аналармен де жұмыстар атқарылып отырылады.

Бүгінгі тәрбиеші, педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

1.Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

2.Интернат ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының  қалыптасуын  ұйымдастырушысы;

3.Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы , тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологыменбірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;

4.Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесшісі;

5.Интерна ішінде, моральдық-психологиялық ахуалқалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;

6.Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтынбарлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басынқосушы, үйлестірушісі.

Ерекшелік, әрине. Бұл ең алдымен жас ерекшеліктеріне байланысты, тәрбиешінің тәуелсіздік деңгейімен байланысты.Оқушылар үшін тәрбиеші танымдық қызығушылықтарды қолдауды ұйымдастырады, балаларды жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, жасөспірімдермен болашақтың бейнесі мен мектептен кейінгі білім берудің нұсқаларын талқылайды.Мен, тәрбиеші  алдымда отырған сары уыз балапандардан ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат тәрбиелеу үшін, біз оларды өз беттерімен керек білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуіміз керек.Оқушы мен тәрбиеші  арасында достық қарым-қатынас болмайынша,  оқушы сеніміне қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ  тәрбиесінің дамуына ата-ана , мектеп, бүкіл қоғам жауапты.Олай болса, білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері , ата-аналар, меткептен тыс мекеме педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді.Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару – біздің мүдделі мұратымыз.

Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер  тәрбиеші дейді

Тәрбиеші оқушыға мектептен тыс және мектептегі іс-әрекеттерді үйренуге және таңдауға деген ынтасын қолдау ретінде қызмет етеді, қажеттіліктерді қалыптастыруға, тәжірибесін бағалай білуге үйретеді. Тәрбиеші жоғары сынып оқушысына жеке оқу және практикалық траекторияны құруға көмектеседі, оларға адамға ішкі және сыртқы әсерлерді ажырата білуге және практикалық тапсырмалармен өзін-өзі бағалауды бекітуге көмектеседі.
-Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны.

Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді.

• Тәрбиенің артистігі:  дегеніміз-түрлі қиын жағдайларға кездескенде тапқырлық көрсету. Баланың көзін жеткізетін іс-әрекет,тәсіл,ұтымды әдістауып, шеберлік көрсете білу.Өз сезімін,ішкі жан-дүниесін басқарып,ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-жігерін икемділікпен іске асыру.Бұл мәселені кезінде А.С.Макаренко көтерген:"Педагогика ғылым ғана емес,өнер де,сондықтан педагог өз бойына артистік шеберлікті қалыптастыруы керек".Балаларға суық, ызалы, ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда,әзілді түсінетін,жайма-шуақ,шыншыл,өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды. Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен,ширақ қарауы балаларды сергітіп,жұмысқа жұмылдыра түседі.

• К.Д.Ушинский:"тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін,шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін,бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін,бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды.Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтерден тәлім-тәрбие алады.Педагог адамзат қоғамы жасап шығарған байлықты жас ұрпаққа  үнемі сіңіріп отырады.

• Менің пікірімше, қазіргі заман жаңашыл-педагог – ғылыми-теориялық терең

ілімімен, технологиялық сауаттылығымен, пікір айырбас ортада жанжақтылығымен жаңа әдістемелік қалыптарды жандандыра түседі.

• Кәсіби мүмкіндіктерін дамыту – ол, педагогтың шығармашылық тұлғасын қалыптастыра отырып жаңадан пайда болып жатқан педогогикалық инновацияларды қабылдау мен жүйелей білуге дайындайды.


• Аңдатпа

  Оқушылар үшін тәрбиеші танымдық қызығушылықтарды қолдауды ұйымдастырады, балаларды жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, жасөспірімдермен болашақтың бейнесі мен мектептен кейінгі білім берудің нұсқаларын талқылайды.

• Анн отация

Для учащихся воспитатель организует поддержку познавательных интересов, участвует в проектной и научно-исследовательской работе детей, обсуждает с подростками образ будущего и варианты послешкольного образования.

• Annotation
For students, the educator organizes the support of cognitive interests, participates in the project and research work of children, discusses with teenagers the image of the future and options for post-secondary education.
...