0 дауыс
3.8k көрілді

Адам ата Хауа ананың махаббаттары жайлы мəлімет берсеңіздер?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 Алла Адамның (ғ.с.) қабырғасының жоғарғы жағынан Хауаны жаратты. «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауа) жараттық» («Хұжрат» сүресі, 13-аят).
Адам (ғ.с.) Хауаның өзінен жаратылғанын сезіп, ұйқыдан оянып, көзін ашты. Хауаны көріп, оның асқан сұлулығына көңілі толды. Хауаның дауысы жіңішке, көздері қара, жүз тұлым болып өрілген шашы бар еді. Хақ Тағала сұлулықты жүз түрлі етіп жаратса, соның тоқсан тоғыз сұлулығын Хауаға берген екен.
Адам (ғ.с.) Хауаға қолын созып: «Жақында», – деді. Сол сәт Жәбірейіл (ғ.с.) «Ей, Адам! Хауаға қол созба!» – дегенде, Адам (ғ.с.): «Хауа мен үшін жаратылған», – дейді. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.) «Әрине, сен үшін жаратылғаны рас. Бірақ некесіз қол созу дұрыс емес. Хауаны Алладан жұптылыққа сұра» – деді. Адам (ғ.с.): «Иә, Раббым! Хауаны маған жұп қыл», – деп рұқсат сұрайды. Субхааналлааһу Тағала неке хұтбасын оқыды. «Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты» («Зумәр» сүресі, 6-аят).
Адам (ғ.с.) мен Хауа ана жұмақ ішінде бір ғажайыпта өмір сүреді. Бірде Адамнан (ғ.с.) періштелер: «Сен не себепті Адам атандың?» – деп сұрайды. Сонда Адам (ғ.с.) «Жер топырағынан жаралғаным үшін», – деп жауап береді. Періштелер: Хауа анадан: «Сен неге Хауа атандың?», – деп сұрағанда, Хауа ана: «Тіріден жаралғаным үшін», – дейді.
«Әй, Адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар!» («Ниса» сүресі, 1-аят).

...