0 дауыс
7.6k көрілді

Алынбайтын асу жоқ тақырыбына эссе, шығарма жазу?

1 жауап

0 дауыс

Істі игі ниетпен сәтті бастау жетістікке жартылай қол жеткенмен тең. Әркез қалайда оң нәтиже алатыыңына сен. Бұл сенім сені жетістікке жетелейді. Істелген ісің  кіші гірім болғанымен, істелмеген үлкен істерден жақсы. Бос әурешілікпен болмайтын істерді болдырамын деген болатын істерді істе. Әлі басталмаған іс сен үшін қараңғы жол. Одан сескеніп артқа тартсаң, ісің бастаусыз қалады. Ал шырақ болыпжана алсаң, жолың айдай ашылады. Қараңғыда шырақ, жарықта шуақ болғайсың!

Егер адам шын ниеттенсе, қолданып көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ»,-деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.

Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен, үлкен адамгершілікпен келеді.

Қойған мақсатыңа, аңсағанарманына жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түрде ойластырылуы және өз мүмкіндігіңе сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы , адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады.

...