1.Тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігі:
A) тәрбие процесінің кешенділігін анықтайды
B) тәрбиенің біржақтылығын айқындайды
C) тәрбиенің бірмәнді болуын айқындайды
D) тәрбиенің үздіксіз болуын анықтайды
E) тәрбиенің мақсаттылығын анықтайды
2.Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі:
A) тәрбие нәтижелерін алдын-ала болжамдау
B) оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру
C) бірлескен, ұйымдастырылған іс-әрекет,өзара тәуелді қозғалыс
D) тәрбиеленушілердің қызығушылықтарына сүйену
E) балаларға жекедара тұрғысынан әсер ету
3. Балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгертудің тәрбие бағыты:
A) экологиялық
B) еңбек
C) азаматтық
D) эстетикалық
E) ақыл-ой
4. Тікелей талап қоюдың үлгісі
A) Бұйрық беру
B) Кеңес беру
C) Мысқылдау
D) Әзіл айту
E) Меңзеу
5.Тәрбие формалары
A) Жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық), бұқаралық
B) Жалпы, кешенді
C) Дербес, серіктестік
D) Бірмезгілдік, маусымдық
E) Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді
6.Адамды біліммен қаруландыру, өз бетімен білім алу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру
A) Оқытудың тәрбиелеушілік функциясы
B) Оқытудың ғылыми-зерттеушілік функциясы
C) Оқытудың білім берушілік функциясы
D) Оқытудың практикалық функциясы
E) Оқытудың дамытушылық функциясы
7. Оқыту принциптері оқыту процесінде
A) Бір-бірінен бөлек
B) Ретсіз қолданылады
C) Әрқайсысы өз алдына жеке түрде іске асырылады
D) Бір-біріне басымдық етеді
E) Бірін-бірі толықтырады, бір-бірінің күшін арттырады
8. Оқу пәндерінің саны мен атаулары, сыныптар бойынша оларды оқу реті, барлық оқу пәндеріне және жеке әр пәнге аптадағы оқу уақытының мөлшері көрсетіліп бекітілген құжат
A) Оқу құралы
B) Оқу жоспары
C) Күнтізбелік жоспар
D) Оқу бағдарламасы
E) Мектептің жылдық жоспары
9.Оқыту әдістерінің танымдық іс-әрекеттің сипаты бойынша жіктелуі
A) Зерттеушілік, шығармашылық, ойын әдістері
B) Кітаппен жұмыс, зерттеушілік, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
C) Иллюстративті-түсіндіру, проблемалық, жартылай ізденіс әдістері
D) Ауызша, көрнекілік, практикалық
E) Ынталандыру әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
10. Оқытудың стандартты емес формасына жатады
A) Жаңа материалды меңгеру сабағы
B) Аралас сабақ
C) Кіріктірілген сабақ
D) Бақылау сабағы
E) Жаңа іскерліктерді қалыптастыру сабағы
11. Педагогика ғылымында «кәсіби құзыреттілік» ұғымына бірнеше түсініктемелер беріледі:
A) Тәжірибесін мәдени тұрғыдан көрсету біліктілігі
B) Оқытудың ұжымдық тәсілдерінің жиынтығы
C) Қызметке тек тәжірибелік тұрғыдан дайындығы
D) Қызметке тек теориялық тұрғыдан дайындығы
E) Еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы
12. Сабақты психологиялық талдаудың пәні
A) оқушылардың сабақ барысындағы әлеуметтенуі
B) оқушылардың мінез-құлқының пайда болуы және даму динамикасы
C) оқушылардың жеке тұлғалық қалыптасуы мен даму динамикасы
D) мұғалімнің сабақта пайдаланатын әдістерінің, амал-тәсілдерінің нәтижесі мен тиімділігі
E) психикалық танымдық процестердің пайда болуы, қалыптасуы және даму заңдылықтары
13. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті
A) оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
B) сабақты психологиялық талдау
C) оқушыларды өз бетінше жауап іздеуге, ізденуге үйрету
D) оқушылардың жағымды мінез-құлқын қалыптастыру
E) оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды әлеуметтендіру
14. Тұлға аралық қарым-қатынастағы «интроверттік типтің» басты белгісі
A) қабылдау константтілігі жоғары
B) қабылдау ригидтілігі әлсіз
C) қарым-қатынас деңгейі төмен
D) қарым-қатынас деңгейі жоғары
E) тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы белсенді
15. К.Г.Юнгтің тұлға теориясы бойынша экстроверсия – бұл
A) қорғанысты қамтамасыз ететін психикалық функция
B) энергия үнемдеуші психикалық функция
C) ақпараттарды қабылдайтын анализатордың бірі
D) сыртқа бағытталған, энергия жаратушы психикалық функция
E) агрессивті мінез-құлық
16. А.К.Маркова бойынша оқушылардың оқу процесіне мотивациялық қатынасының түрлері
A) жағымсыз, бейтарап, жағымды
B) ерікті, жағымсыз, бейтарап
C) жағымды, ерікті, бейтарап
D) еріксіз, бейтарап, мәжбүрлі
E) жағымды, берілген, еріксіз
17. Қазіргі заманауи білім берудің негізгі беталысы:
A) оқытуды тұжырымдау
B) оқытуды әлеуметтендіру
C) инновациялық оқыту
D) оқытуды биологизациялау
E) оқытуды демократиялау
18. Тәрбие үрдісінін қозғаушы күші
A) оқушының жеке ізденуі
B) педагогтің талап қоюы
C) педагогикалық зерттеулер
D) тәрбие үрдісіндегі қарама-қайшылықтар
E) педагогтің жеке ізденуі
19. Педагогқа тән қасиеттер
A) сана, этика, есте сақтай алу, құрметтеу, шығармашылдығы,саналылығы
B) қызметті ұйымдастыра білуі, мінез, темперамент, әдеп, қабілет, сана
C) этикалық мәдениеті, есте сақтай алу, құрметтеу, тәрбиелеу, қабілет
D) саяси сауаттылығы, қызметті ұйымдастыра білуі,байқағыштық, этикалық мәдениеті, шығармашылдығы
E) мінез, темперамент, әдеп, қабілет, сана, этика, есте ұстау алу, құрметтеу
20 Педагогикалық шеберліктің құрамды бөлігі
A) педагогикалық әдет
B) педагогикалық қызығушылық
C) педагогикалық техника
D) педагогикалық белгі
E) педагогикалық тәжірибе