0 дауыс
7.1k көрілді

Қазақ халқында бала дүниеге келген бойдан оған есім беру рәсімін "Ат қою" деп атайды.
Салт бойынша, дүниеге келген сәбиге бір аптадан кешіктірмей ат қою керек. Мүмкіндігінше ағайын-туыстарды, көрші көлемдерді шама-шарқына қарай жинап, діни сенім-наныммен молда құран оқып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады.

Ертеректе қазақ халқы ырымға сене отырып, бала дүниеге келісімен ең бірінші кездескен кісінің атын қою дәстүрі болған. Бұл жағдайды ешкім ерсі көрмей, бұны жақсы ырымға теңеген. Қазіргі уақытта балаға ат қоярда ерсі естілетін, мағынасыз аттарды қоюдан аулақ болып, мағыналы аттарға мән беруді ырымдасақ, ертеректе мағынасы ерсі, сиқысыз аттарды нәрестеге көз тимесін, өмір жасы ұзақ болсын деген ниетпен қойған екен.

Сенім-наным бойынша, балаға билеуші, пайғамбар, батырлар, әулиелердің есімін берсе, оны көтере алмай, бала ауырып қалады деп санаған. Егер шынында ауырып қалған жағдайда, тағдырын өзгерту мақсатында оның атын өзгертіп немесе өскенше еркелетіп басқа лақап атпен атаған екен.

1 жауап

0 дауыс
Бала туылған кезде "ат қою рәсімі" болады.Ат қою рәсімі үлкендерге беріледі.
...