Бала күнімнен әжем қарапайымдылық, мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Олар - адам бойындағы ізгі қасиеттер. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту, қарапайым болу - мен үшін адамдықтың белгісі іспетті.
Әжем қарапайым болуды, өзгені ойлауды, қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Қарапайым болудың, мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.
Қарапайымдылық туралы шығарма бар ма?