0 дауыс
28.0k көрілді

Жер бетінде адамнан басқа жаратылыстар көп. Олардың өз пайдасы, міндеті, қызметі бар. Мен жан-жануарлардың барлығын ұнатамын. Әсіресе, мысықты ерекше жақсы көремін. Алғаш мысық асырап алғанымда, ол кішкентай ғана марғау еді. Туылғанына бір ай ғана өткен болар. Өзі сүйкімді, жұп-жұмсақ. Бір алақаныма сыйып кететін. Күндіз ойнап, сүтін беремін. Ол маған үйренісіп, еркелей бастады. Жатар уақытта өзіне арнайы орын дайындап қойсам да, жүгіріп келіп қойныма сүңгіп кететін. Көрпе астында, құшағымда алақандай ғана жаратылыс қамсыз ұйықтап жататын. Уақыт өткен сайын ол да өсе берді. Өзінің қылықтары, еркеліктері, қулықтары пайда болды. Еркелетсең еркелейтін, ұрыссаң басын салбыратып, жата қалады. Көзімен ұрлана қарап, ашуым тарқағанын бақылағандай болатын.

Ол бәрін де түсінеді. Бірде жуындырмақ болып, өзінің легенін алып, суын дайындап, далаға шықтым. сусабынды алуғ үйге қайта кіріп, мысығымды алып шықпақ болдым. Жаңа ғана дәлізде жүрген сияқты еді. Ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Жарты сағаттай іздедім. Жоқ. Шеткі бөлмеге келіп, барлық жерді дұрыстап қарастыра бастадым. Қарасам, көкөніс салатын себеттің ішінде тыныш қана жатыр. Жуындыратынымды біліп, тығылып қалғаны ғой. Осындай қызықты қылықтары адамды еріксіз сүйсіндіреді.

"Менің сүйікті жануарым" шығарма бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ен басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Ит-адамның досы. Итті адамдар жаксы кадірлейді, әсіресе қазақ халқы. Қазақ халқы итті - жеті қазынаның бірі дейді. Әр елдің халық жазушы - ақындары ит туралы көптеген шығарма, әңгімелер, өлеңдер жазады. Біздің үйде де ит бар. Оның аты Рекс. Мен оны жақсы көремін.

...