0 дауыс
3.2k көрілді

Демді (дыхание) қалай ашуға болады? Яғни əн айтқанда немесе бірнəрсе оқығанда ұзақ  бір деммен айту үшін.

1 жауап

0 дауыс

Ән аитқанда отыруға,  бей – жай тұруға болмайды,  әр қашанда ішкі және сыртқы тартылымды сақтау міндетті.

Керек;

— Басты тура ұстау,  еркін,   төмен түсірмеу, қисайтпау.(өйтпегенде көмей төмен немесе жоғары вертикалды орналасадыда, дыбыс сапасына зиян келтіреді).

—  Дене ауырлығын тура бөле отырып,  екі аяқта нық тұру.

—  Аяққа сүйене отырып орындықтың шетіне отыру

— Корпусты ешқандай қысылыссыз тура ұстау керек.(арқаның қисық тұруынан диафрагма еркін қозғала алмайды, нәтижесінде тыныстың қарқындылығы джойылып ,  дыбыс апорадан алынып,  тембрдың ашықтығы жэоғалып,  интонация тұрақсызданады).

—  Қол (егер нота ұстамаса) тізеде еркін жату керек.

Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады.  Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста ,  тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек.

Әншінің тыныс алуымен вокалдық хор техникасының элементтерінің өзара байланысы.

Әншілік тыныс вокалдық хор техникасының әр түрлі элементтерімен тығыз байланысты; дыбыс атакасы,  дикция, динамика, дауыс регитры, интонация т,б.

Тағыда;

—         Тыныс жинау дауыстық апараттағы артық бұлшық еттік қосылыстар  және тағы артикуляциялық органның қосылуы,  дикцияның жинақталмауы, детонация, дауыс дыбыстануының еркін болмауы.

—         Дыбысты алу кезіндегі бір мезгілдік тыныс ұстанымының болмауынан, дыбыс интонацялық тұрғада да дұрыс болмай «подъездбен» алынады .  Ереже бойынша белгілі жоғарлықты төменен алуы тиіс.

—         Алынған ауа көлемі дыбыс динамикасына пропорциянал болады.

—         Төменгі байланыстағы ауа қысымының күші дауыс астарының жиілігіне әсер етіп тембр түрін анықтайды.

—         Дауыс астарындағы шағын қысым әсерінен дыбыс тембрі жағынан кедей болып көрінеді. Фольцеттік мінезде төменгі байланыс қысымының күштілігі керісінше әсер етеді, яғни дыбысталу толып, тембрі едәіур бай , кеуделік типке жақын болады.

Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері.

№ 1 Жаттығу.

Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5…) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.

№ 2 Жаттығу.

Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.

№ 3 Жаттығу.

Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тынс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.

№ 4 Жаттығу.

Төменгі қаьырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсық атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2 – 3 с созылады, кейіннен ұзарады.

 

Үздіксіз тыныс (цепное).

Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.

Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі:

—         Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау.

—         Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу.

—         Тыныс білдірмей және тез алу.

—         Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту.

—         Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.

...