0 дауыс
7.5k көрілді

«Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген Абай атамыздың сөзіне қосыласыздар ма? Қандай пікірдесіздер?

3 жауап

0 дауыс
Мен атеистпін))
Атеисттердің ойы қандай сонда бұл сөзге?
Бұл қалжың болатын тұғын. Алайда атеист екенім рас! Иман мен үшін тәрбие немесе басқа да жақсы дүниелердің жай ғана діни атауы ғана (немесе аудармасы). Адамға жақсы дүниенің керек екені рас. Жалпы адамның бойында мейірімділік, парасаттылық деген дүниелер табиғатынан бар. Жай кім оны қалай қолданатынына байланысты дамиды да... Жеке пікірім!
0 дауыс
Аллаһу Тағала : мен адам мен жынды өзіме ғибадат ету үшін ғана жараттым, деген. Құран Кəрімде. Осыны ақылды адамдар оқиды сенеді, яғни иман келтіреді, сосын бірден құлшылыққа кіріседі. Осы.
0 дауыс
Ақылды адам мына дүниеге қарап Алланың бар екеніне иман келтіреді. Иман деген сенімнен тұрады. Иманның 6 парызы бар: 1)Алла тағалаға сену;
2)Алла тағала жаратқан періштелерге сену;
3)Алла тағаладан түскен кітаптарға сену;
4)Алла тағала жіберген пайғамбарларға сену;
5)Қиямет күніне сену (өлгеннен кейін қайта  тірілуге сену);
6)Тағдырға сену (жақсылықта жамандықта Алладан екеніне сену).

Ұқсас сұрақтар

...