Зейнеткер жасына жеткен азамат(ша) ?

0 дауыс
1.2k қаралым
Зейнеткер жасына жеткен мемлекеттік қызметтегі азамат(ша) зейнет ақысын алып отыру керек не болмаса жұмысын жалғастырып бір ғана айлықпен отыру керек деген сұраққа жауап берсеңіздер? Мүмкін болса заңда көрсетілген баппен?
Заң

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының

* 2-бабының 1-тармағы. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
*4-бап. 2-тармақ. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы