+3 дауыс
2.2k көрілді
Негізі сауалнама бауыздау туралы десек те болады, жалпы ол да бір өнер. Әрі еркек болған соң, той домалақ немесе құрбан айт келіп қалғанда, бәлкім жастар арасында бар шығар "нағыз" еркектер. Практикаларыңмен бөлісе отырсаңдар да артық емес.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі бұл жерде сұрақ мал бауыздауда болса керек.Малды Аллатағалам адам ырзығы үшін жаратқан  десек те оның өзінше тәртіп,міндеттері бар.
1.Малды жөн - жосықсыз,яғни қажеттіксіз соймау.
2.Міндетті түрде адалдап,яғни бауыздар алдында"Биссмиллаһир,Аллаһу акбар"- деп Алла ризашылығын алу.
3,Бауыздау қанын сарқа ағызу сияқты шарттарды орындау керек.

Өзім кезінде мал бауыздау,іреу,мүшеге бөлу бәрін біліп қолданғанмын,бірақ ол қай заман.Қазір бәрі бір ауыз сөзбен істеледі ғой.
Тағы бір ескеретін жәйт, малдың басын құбылаға қарата сою керек....
Рахмет Көркем! Өте дұрыс,қалдырып кетіппін.Бұл негізгі шарттың бірі.
Сосын малдың көзінше пышақ қайрамау керек!!!!!!!!"
қайраса не болады қорқама сеземе?
+2 дауыс
Осы тақырыпқа қатысты сұрақ https://surak.baribar.kz/26985/
+1 дауыс
Мал бауыздағанда Jako мен Көркем айтқан алғы шарттарды қолданамыз ғо.. сосын ұсақ малды еті таза болсын деп іліп қойып сойғызады... пышақтың өткір болуы маңызды, өтпейтін пышақпен мал союға болмайды(соның ішінде бауыздауға)...
0 дауыс
Союға әлі ерте ма деп қоям үлкендер тұрғанда біз соймаймыз ғо..........
0 дауыс
Қой сою оңай жұмыс шығар үлкен мал сойғанға қарағанда өз басым жақсы көрем қыстада жаздада ет жейтін қазаққа оны білу керек шығар.
0 дауыс
Мен соя алмаймын.Екі себеп:
 1. Әлі кішкентаймын
 2. Қалада өстім
...