0 дауыс
7.6k көрілді
остеопат дегеніміз не ол врачтар.

1 жауап

0 дауыс

 Остеопатия (грек. osteon — сүйек және pathos — ауырсыну) — омыртқа жотасының ауруларына қолмен диагноз қойып емдеу. Бұл мектептің негізін 1874 жылы америкалық дәрігер Э.Стилл қалады. Остеопатологиялық медицина буын мен омыртқа жотасы ауруларын функционалды деп тауып, негізінен оны бұлшық ет және байланыс жүйесінің ауытқуы деп санайды. Буын мен омыртқа жотасы аурулары жөнінен Батыс медицинасының көзқарастарын жақтайды. Хиропрактика (грекше сheіr — қол) сырқатты омыртқа сүйектерінің буынынан шығып кетуінен болады деп есептейді. Бұл көзқарасты жақтайтындар медицинаның соңғы жетістіктерін мойындамай, жаңа диагностик. әдістерді қолданбай, ем есебінде тікелей әсер ету, яғни бел басу, жұдырықпен немесе арнайы кеспелтек балғамен соғу арқылы шығып кеткен буынды қалпына келтіруді ұсынады. Ал Мануальды терапиямен емдеушілер омыртқа жотасы мен буындардың жұмсақ тіндеріне әсер ету арқылы емдеуді дұрыс санайды. Мануальды терапия омыртқа жотасының көп дәрежелі патогенетикалық көріністерін функционалды блок, бұлшық ет баланстарының өзгерісі қозғалыс биомеханикасының ауытқуына әкеліп соғады деп түсіндіреді. Бұл жерде омыртқа жотасының ұсақ бұлшық еттерінің маңызы зор, өйткені олар иіліп-бүгілуге мүмкіндік жасап тұрады. Мануальды терапия, негізінен, омыртқа жотасындағы ауытқулар — қозғалысқа байланысты экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) себептердің пайда болуынан туындайды деп есептейді. Омыртқа жотасында пайда болған ауруларды остеохондроз деп қарамай, тірек-қимыл жүйесінің ауытқуы деп қарастыру керек дегенді ұстанады. 

Ұқсас сұрақтар

...