0 дауыс
30.3k көрілді
2015-2016 жылғы географиядан (9,11сынып) облыстық олимпиаданың тапсырмалары бар ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

10 сынып

1-сұрақ. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз:орографиялық шекара, колония, гаруа, маори, ксерофит. 10 ұ.

2-сұрақ. ТМД елдері ұйымының құрылу мақсаты. Ұйымның іс-әрекетін сипаттаңыз. 10 ұ.

Тест - тапсырмалар

1. Өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

А) Биогеография

В) Флора

С) Ботаника

D) Фитология

Е) Фауна

2. Электр энергиясының99,5%-н СЭС-нан алатын ел:

A) Швейцария

B) Норвегия

C) Франция

D) Австрия

E) Италия

3.Ежелгі Баянауыл таулары жататын ерекше қорғалатын территориялардың аталуы

А)Қорықша

В)Қорық

С)Ұлттық саябақ

D) ТТК

Е) Ескерткіш

4.Аталғандардың ішінен дүниежүзілік діндерді көрсетіңіз:

А) иудаизм

В) индуизм

С) буддизм

D) сикхизм

Е) ислам

F) христиан

G) синтоизм

5.Дамушы елдерге тән сипаттамаларды көрсетіңіз:

А) халықтың жоғарғы өсу қарқыны

В) жан басына шаққандағы ЖІӨ жоғарғы көрсеткіші

С) шикізатты көп мөлшерде экспорттау, өңдеуші өнеркәсіп пен азық-түлік өнімдерін импорттау

D) заманауи өндірістерді және табиғи шаруашылық ареалдарды жүзеге асырудағы көп салалы экономика

Е) орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарғы көрсеткіштері

6. Рентген аппаратуралары қай қалада өндіріледі?

А) Алға

В) Ақтөбе

С) Атырау

D) Ақтау

Е) Арқалық

7.Федеративті республикаларды көрсетіңіз:

1) Австрия

2) Бельгия

3) Молдавия

4) Норвегия

5)Ұлыбритания

6) Португалия

7) Болгария

8) Ватикан

9) ГФР

10) Нидерланды

8. Америкада орналасқан екі арал мемлекеттерді атаңыз:

1) Тринидад и Тобаго

2) Гайана

3) Панама

4) Сейшел аралдары

5) Маврикий

6) Науру

7) Вануату

8) Гренада

9) Белиз

10) Кипр

9.АҚШ Көл маңымегалополисі мына қалалар арасында созылған:

А) Сан-ДиегожәнеСан-Франциско

В) Бостон және Вашингтон

С) Чикаго және Питтсбург

D) Сан-Францискожәне Лос-Анжелес

Е) Сан-Диего және Сан-Хосе

10.Геосаясат қай елдің ресми доктринаcы болып қалыптасты? (ХХ ғасырда):

А) Италияның

В)КСРО-ның

С)Жапонияның

D)АҚШ-тың

Е)фашистік Германияның

11.Қандай ағаш басқа ағаштармен салыстырғанда көп ылғалды буландырады(14 т/жыл)?

A) Араукария

B) Казуарина

C)Оңтүстік бук

D) Акация

E) Эвкалипт

12.Оңтүстік Американың жағалауына 7-14 жылда бір рет жететін ағысты көрсетіңіз:

A) Перу ағысы

B) Эль-Ниньо ағысы

C) Росби ағысы

D) Бразилия ағысы

E) Фолкленд ағысы

13. Қазақстанның басты орман базасы шоғырланған экономикалық ауданы:

А)Оңтүстік

В)Батыс

С)Орталық

D) Солтүстік

Е) Шығыс

14.Биіктігі бойынша дүние жүзіндегі екінші шың(8611 м.)

A) Канченджанга

B) Чогори

C) Джаулагири

D) Аннапурна

E) Макалу

15.Егер өзеннің тереңдігі 1 м, ені 20 м, ал ағыс жылдамдығы 2 м/с болса, өзеннің су шығыны қанша куб. м/с

A) 20 куб м/с

B) 40 куб м/с

C) 100 куб м/с

D) 400 куб м/с

E) 4000 куб м/с

30 ұ.

НӘТИЖЕСІ: 50ұ.

11 сынып

1-сұрақ. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: латифундия, льянос, креол, саммит, апартеид. 10 ұ.

2-сұрақ. ШЫҰ құрылу мақсаты. Ұйымның іс-әрекетін және құрылымын сипаттаңыз.10ұ.

Тест-тапсырмалар

1.Дүниежүзілік шаруашылықта елдердің қатысу деңгейін бағалауға көмек беретін үш көрсеткішті көрсетіңіз:

A)адам әлеуетінің даму индексі

B) экспорттық квота

C)жан басына шаққандағы ЖІӨ

D) дүниежүзілік экспорттағы елдер үлесінің дүниежүзілік ЖІӨ үлесіне қатынасы

E)халықтың өсу қарқыны

2.Мал шаруашылығы даму мүмкіндіктерін анықтайтын үшбасты шартты көрсетіңіз:

A)топырақ құнарлылығы

B)атмосфераның ылғалдану жағдайы

C)капитал салымының көлемі

D)мал шаруашылығының басым жүйесі

E)азық пен ауыз судың болуы

3. Халықаралық еңбек бөлінісінде дамушы елдердің қатысу ерекшелігін сипаттайтын жағдайды таңдаңыз:

А) шикізат пен отын тасымалдауда тар мамандану

В) бір-бірімен тығыз сауда қатынастары

С) диверсификацияланған экспорт

D )азық-түлік импорты

Е)өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау

4.Төменде аталған ұйымдардың қайсысы тек еуропалық елдерден тұрады?

A)ЕО

B)ЕЫҚҰ

C)ЕАСТ

D) ОЭСР

E) ОПЕК

F) АСЕАН

5. Төмендегі елдердің ішінен «артық» елді анықтаңыз, ал қалған елдерді біріктіретін белгілерді көрсетіп жазыңыз:

1) Индонезия

2) Малайзия

3) Сингапур

4) Мьянма

5) Таиланд

6) Филиппины

7) Бруней

8) Вьетнам

9) Жапония

10) Камбоджа

6.Келуші туристтердің саны бойынша әлемнің алдыңғы үш елін атаңыз:

A)Ресей

B) Франция

C) Испания

D) ОАР

E) Таиланд

F)АҚШ

7.Экваторда орналасқан А және Б нүктелерінің арасы –7°,онда оларды қанша км арақашықтық бөледі?

А) 444 км

В) 777км

С) 333 км

D)111 км

Е) 101 км

8.200 м биіктікте орналасқан А нүктесінде атмосфералық қысым – 740 мм-ге тең болса, 400 м биіктікте орналасқан Б нүктесіндегі қысым қаншаға тең?

А) 720мм.

В) 800 мм

С) 520 мм

D) 420 мм

Е) 220 мм

9. Бұл эрада тектоникалық қозғалыстар айтарлықтай болған жоқ, тау жүйелері бұзылды, соңына қарай Қазақстанда тегістелген жер беті көрініс тапты.

А) Архей

В) Протерозой

С) Палеозой

D) Мезозой

Е) Кайнозой

10.НАСА космодромы орналасқан Каннаверал мүйісі қай жерде?

A) Флорида түбегінің шығыс жағалауы

B) Флорида түбегінің батыс жағалауы

C) Калифорния түбегінің оңтүстігі

D) Жаңа Шотландия түбегі

E) Озарк үстірті

11. Бір мұхитта орналасқан аралдар жұбын көрсетіңіз:

A) Зеландия – Жаңа Зеландия

B) Оркней аралдары – Оңтүстік Оркней аралдары

C) Гебрид аралдары – Жаңа Гебрид аралдары

D) Комор аралдары – Командор аралдары

E) Ирландия – Жаңа Ирландия

12. Сәйкесін табыңыз: мұнай өнімдерін шығаратын трансұлттық корпорация – оның штаб-пәтері орналасқан ел:

1) «Эксон Мобил» (Exxon Mobil)

2) «ЭНИ» (ENI)

3) «Тоталь» (Total S.A.) 

4) «Петробраз» (Petrobras)

5) «Ройял Датч Шелл» (Royal Dutch Shell)

A) Франция

B)Ұлыбритания, Нидерланды

C) Италия

D) Бразилия

E)АҚШ

13.Қазақстанның географиялық орталығы қайда орналасқан?

A) Астана маңы

B) Мұғалжардың оңтүстігі

C) Солтүстік Арал маңы

D) Сарысу өзенінің жоғарғы ағысы

E) Ұлытау таулары

14. Маврикий аралы қандай архипелаг құрамына жатады?

A) Маскарен аралдары

B) Жасыл мүйіс аралдары

C) Сейшелл аралдары

D) Комор аралдары

E) Мадейра аралдары

15.Қай желКакой ветер имеет «африканское происхождение»?

A) Бора

B) Фен

C) Мистраль

D) Сирокко

E) Бриз

30ұ.

НӘТИЖЕСІ: 50ұ.

11сынып

2012

1.Карта-сұлбада қандай ескі өндірістік аудан бейнеленгенін анықтаңыз. Суретте көрсетілген географиялық нысандар аттарын жазыңыз. Осы ауданда орналасқан жүк тасымалы бойынша дүниежүзінің ең ірі өзен портын және оның басты екі жүк түрлерін атаңыз. Осы ауданның шаруашылығының салалық құрылымының негізінде қандай ресурстар жатыр? Оның мамандануының негізгі түрлерін атап, дәлелдер келтіріңіз.

15 б.

2. Қалалар:

Каунас, Кёнджу, Исфахан, Киото, Алматы

Бұрындары мемлекеттің астаналары болған. Бұл мемлекеттердің қазіргі астаналарын атаңыз. Бұл қалалардың астаналық қызметінен айырылу себептерін түсіндіріңіз. Қазіргі уақытта аталған қалалардың ішінен шаруашылықты мамандандыру салалары мен қызметтері қандай екенін сипаттаңыз?

15 ұ.

10 сынып

1.Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің жанында қалыптасқан. Алғашында бұл жерде фракия тайпаларының бірі – сердтер қоныстанды, олардың кенті Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұл кент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған.

Сұрақ. Осы елді және астанасын атаңыз.

15 ұ.

2. Жюль Вернның «Капитан Гранттың балалары» атты романын оқығандар оның кейіпкерлері капитан Грантты іздеу барысында ғажайып оқиғаларды бастан өткізгендері есінде қалған болар.

Олар 37° о.е. бойынша барлық Оңтүстік Американы шарлап, ос паралельмен жүре Атлант және Үнді мухиттарын өтіп, Австралия мен Жаңа Зеландияны кесіп өтеді. Соңында Тынық мұхитындағы Табор аралында ержүрек теңізшіні кездестіреді. Кітап кейіпкерлеріне жер шарын айналған саяхат жасауға тура келді. Оның себебі, олар мұхиттан аулап алған құмыраның ішіндегі хатта 37°11' о.е. деген жазу сақталған.

Егер саяхат 37° о.е. паралель бойымен емес 27° о.е. паралель бойымен жүрген болса, кейіпкерлердің саяхаты қалай өзеретінін елестетіп көріңдерші. Қандай табиғи нысандарды қиып өтетін еді? Оларды күтетін қиындықтарды атаңдар. Олардың саяхаты жеңілдер ме, әлде керісінше қиындықтар көбірек кездесер ме еді?

15 ұ.

3. 1 сурет бойынша демографиялық құрылымы мен әлеуметтиік-экономикалық даму типіне сәйкес келілген пирамидалар қандай елдерге тән?

Сурет 1 – Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық типтегі елдердің демографиялық пирамидалары.

image

20 ұ.

НӘТИЖЕСІ: 50 ұ

УАҚЫТЫ: 2 сағат

0 дауыс






5 а
6 в

7 а


9 с
10 а
11в
12 а
13 в
13 д
14е
15с
...