0 дауыс
24.7k көрілді
Алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктердің ішінде қайсысы қай топқа жататын айтсаңыздар.Тағамға,дәрі ретінде,сәндік түрлері,улы түрлері осыларға алқа тұқымдасының ішінде қай өсімдіктер жатады?РАХМЕЕТ)))

1 жауап

+2 дауыс
Алқалар тұқымдасы қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.

Алқа тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері

Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ.
[өңдеу]
Түрлері

Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ (физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.
[өңдеу]
Баклажан
 
Баклажан.

Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.

Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.

Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.

Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті ( холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады.
[өңдеу]
Қызанақ
 
Қызанақ .

Қызанақ алқа тұқымдас, қосжарнақты, шөптекті өсімдік. Ол жылу сүйетін өсімдік болғандықтан, алдымен көшетте егіледі. Қызанақтың жемісінен алынған шырыны тағамға пайдаланылады. Жеміс құрамында витаминдер (С, Р, В, А, К) өте көп. Қызанақты тұздал, сүрлемелеуге де болады. Ол - біржылдық өсімдік.
[өңдеу]
Бұрыштар

Болгар тәтті бұрышы мен қызыл бұрыштар да алқа тұқымдас өсімдіктер. Бұрышта С витамині болады. Тағамды дәмдеуге пайдаланылады.
[өңдеу]
Картоп
 
Картоп.

Ал алқа тұқымдас өсімдік - картоп өздеріңе таныс. Ол - тағамдық және техникалық өсімдік, мал азығы ретінде де қолданылады. Картоптың жемісі жидек екенін естеріңде ұстаңдар. Ал тамырындағы түйнектер - оның жерасты өркені. Картопты тұқымынан өсіруге болады. Ең қолайлысы - картоптың көзшесі бар түйнек бөліктерінен өсіру. Картоп түйнегінде крахмал мол болады.
[өңдеу]
Таралуы

Алқа тұқымдастар - 90-ға жуық туысты топтастыратын, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен алғанда Орталық және Оңтүстік Америкада өседі. Олар шөптекті, бұталы немесе алма ағаш тәрізді болып келеді. Гүлі тұтасып біріккен тостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады. Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі - жидек (қызанақ, қара алқа), кейде қауашақ (меңдуана, шырайгүл, темекі). Алқа тұқымдастардың гүлін әр түрлі бунақденелілер, тропиктік елдерде құстар, тіпті сүтқоректілер тозаңдандырады.
[өңдеу]
Қолданылуы

Алқа тұқымдас картоп - тағамдық, техникалық және малазықтық дақыл. Дәмді және витамині көп баклажан, қызанақ та тағамға пайдаланылады. Алайда алқа тұқымдастарға жататын меңдуана, сасық меңдуана - улы өсімдіктер. Бұлардан сондай-ақ құнды дәрі де жасалады. Темекі де - улы өсімдік. Әсіресе оның улы заты никотин қанды уландырып, жүрек және тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады. Сөйтіп, шылым шегу адамның денсаулығына зиян келтіреді.
Еуропалықтар картопты ең алғаш 1537 жылы білді. Швейцариялық ботаник Бохен картопқа 1596 жылы «соланум туберозум» деген ғылыми атау берді.
Картопты Голландиядан I Петр 1700 жыл шамасында Ресейге әкелді.
9 Картоптың құрамына массасы бойынша 60-80%, шикідей массасы бойынша 14-24% крахмал болады.
Картоптан 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірленеді.
Ресейде (Одессада) 1850 жылдан бастап қызанақ алғаш өсіріле бастады. Оның жемісінде қант, ағзалық қышқылдар, нәруыз, витаминдер болады. Помидорды испандықтар «поми дель перу» - «перуандық алма» десе, француздар «пома аморис» - «махаббат алмасы», итальяндықтар «помо доро» - «алтын алма» деді. Үнді-ацтектер помидорды «томатль» - «ірі жидек» деп атады. Әйгілі К. Линней оған «ликоперсикон» - «қасқыр шабдалы» деген ғылыми атау берген. Неліктен олай екені белгісіз, алайда күні бүгін ботаниктер сол атаулы пайдаланады.
Зиянды заттардың ең әрекетшілі - никотин. Бұл атау XVI ғасырдың екінші жартысында француз елші уәкілі Ж. Нико есімімен аталған. Таза никотиннің бір тамшысы (0,05 г) адамды өлтіре алады.[2]
...